Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Марат Құсайыновтың «Электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 25 қарашадағы № 720 бұйрығы бекітілді.
Бұйрықта электрондық сауда, электрондық саудаға қатысушылар (сатушы, сатып алушы және делдал) түсініктері енгізілген, сонымен қатар электрондық сауданы жүзеге асыру тәртібі айқындалған.
Бұл ретте электрондық саудадағы делдал:
1) электрондық құжаттарда (электрондық хабарламаларда) қамтылған ақпаратты жария етпейді;
2) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаларды) немесе олардың көшірмелерін, оның ішінде олардағы қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға бермейді;
3) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаларды) не оларды пайдалану тәртібін өзгертпейді;
4) тауарға бағаны тек ұлттық валютада бекітуді қамтамасыз етеді.
Электрондық сауданы жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі занына сәйкес әзірленді және электрондық сауданы жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Ақпарат ретінде:
Электрондық саудаға:
электрондық саудаға сатып алушы, сатушы және (немесе) делдал ретінде қатысушы жеке және заңды тұлғалар (электрондық саудаға қатысушылар);
ақпараттық жүйелер мен телекоммуникациялық желілерді қолданумен сатуға және сатып алуға ұсыныстары бар электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаларды) алу, орналастыру, беру, сақтау бойынша қызмет көрсететін заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі - делдал);
тиісті тауарларды әлеуетті сатып алушылар болып табылатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар (бұдан әрі - сатып алушы):
белгілі бір тауарды өткізуге ұсынатын заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі - сатушы);
заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – коммерциялық сатушы);
кәсіпкерлік қызмет мақсатысыз бір реттік тәртіпте тауарларды сатуға ұсынатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – коммерциялық емес сатушы) қатысады. Коммерциялық сатушы және (немесе) делдал сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға, мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін мемлекеттік органға және құқық қорғау органдарына өзі туралы электронды нысанда қазақ және/немесе орыс тілдерінде, ал қажетті жағдайда басқа тілдерде шынайы ақпаратқа тиісті қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат мынадай мәліметтерді қамтиды:
жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), заңды тұлғаның оның ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіле отырып, толық атауы;
заңды тұлғаның тұрғылықты жері және мемлекеттік тіркелгені туралы мәлімет немесе жеке кәсіпкердің тіркелгені;
лицензиясының болуы (заңнама талаптарына сәйкестігі кезінде), лицензия нөмірі, лицензияның қолданылу мерзімі, лицензияны берген мемлекеттік органның атауы туралы мәлімет, заңды тұлғалар үшін бизнес идентификационалық нөмірі, жеке кәсіпкерлер үшін жеке идентификационалық нөмірі, почталық және электрондық мекен-жайы, сондай-ақ телефон нөмірі.
Электрондық саудада делдал ақпараттық жүйеде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстарындағы ақпараттық ресурстардағы орналасқан ақпараттың тұтастығын және құпиялығын қамтамасыз етеді.
Коммерциялық сатушы электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде электрондық ақпараттық ресурстарды, оның ішінде электрондық саудадағы делдал арқылы сақтауды ұйымдастырады.
Коммерциялық сатушы делдалмен сатуға ұсыныстары бар электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаларды) орналастыру құқығына, сондай-ақ сатушыны мамандануы бойынша сатып алуға келіп түскен сұрау салулардың ішінен іздеу қызметіне жазбаша нысандағы келісімшарт жасайды. Делдалдың қызметіне сатушымен төлем тараптар арасындағы келісім бойынша шартта белгіленген мөлшерде және мерзімде жүргізіледі.
Ақпараттық жүйеде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізгені үшін сатып алушылармен төлем жүргізілмейді.