Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен «100 қадам» Ұлт жоспарының 35 қадамын іске асыру мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беруді ынталандыру үшін «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы әзірленді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң) Жер кодексіне түзетулер енгізілді.
Жаңа құқықтық нормалар АПК жұмыс істейтін субъектілеріне олармен жалға алынған жерлерді кадастрлық құнының 50 % мөлшерінде айқындалатын жеңiлдiк бағамен 10 жылға дейін бөліп төлеу арқылы алуға болады.
Сонымен қатар, шетелдік инвесторларға да преференциялар белгіленген: шетелдік компаниялар үшін жерді жалға беру мерзімі 10 жылдан 25 жылға дейін ұзартылған.
Жер кодексіне енгізілген түзетулер көздейді:
1. Мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке аукцион арқылы беру.
Жер учаскелері ҚР жеке және заңды тұлғаларына жеке меншік құқығымен мынадай ретпен аукциондарда сату арқылы беріледі:
- жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыруды көздейтін аукцион арқылы.
-егер екі аукционның қорытындылары бойынша учаске сатылмаса, онда ол учаскенің бағасын кадастрлық құнының белгіленген ең төменгі шегіне (кадастрлық құнының 50 %) дейін төмендетуді көздейтін аукционға қойылатын болады.
2. Жалға берілген жер учаскелерін сатып алу бойынша жеңілдік шарттарын ұсыну.
Жер пайдаланушыларға бұрын берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау мерзімі аяқталғанға дейін 10 жылға дейін бөліп төлеу арқылы, олардың кадастрлық құнының 50 % мөлшерінде айқындалатын жеңiлдiк бағамен жеке меншікке сатып алуға құқық береді.
3. Жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша шектеулерді алып тастау.
Норма жерді пайдаланушыларға жалға алу құқығымен құқықтық мәмілелер жасасуға, атап айтқанда, банкке кепілге беруге, жалдау мерзімі ішінде иеліктен шығаруға (қосалқы жалдауға табыстаудан басқа) мүмкіндік береді.
Заңмен енгізілген өзгерістер 2016 жылғы 1 шілдеден күшіне енеді.
ҰЭМ ҚР Экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің директорының орынбасары Гульжахан Бимендина «Заңның қабылдануы аграрлық сектордың дамуына, жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ ауыл шаруашылық өндірісіне қосымша инвестицияларды тартуға мүмкіндік туғызады» деп түсіндірді.
Анықтама: Жер кодексінің 97-бабының 1-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады.
ҚР барлық аумағы – 272,5 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері – 100,8 млн. га, босалқы жер, (соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жекешелендіру үшіні де) – 100,1 млн. га (егістік, тыңайған жерлер – 2,4 млн. га, шабындық және жайылымдық алқаптар – 80,7 млн. га), қалған 60,2 млн. га жер елді мекендер, өнеркәсіп және көлік, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман және су қоры жерлері.