Ерболат Досаев Азиялық Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің ашылуына қатысты

Пекинде (ҚХР) Қытай Халық Республиксының төрағасы Си Цзиньпиннің төрағалығымен Азиялық Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің 57 құрылтайшы елдің өкілдері АИИБ ашылу рәсіміне қатысты. Қазақстандық делегацияны ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев басқарды.

АИИБ ашылу рәсімінен кейін Басқарушылар кеңесінің инаугурациясы өтті, онда Президентті тағайындау мәселесі, Директорлар кеңесін құру және басқа негізгі құжаттар тізімі қарастырылды және қабылданды.

Ерболат Досаев: «Қазақстан АИИБ құрылтайшыларының бірі болып, банкті құруда басынан белсенді қатысты. АИИБ құру Азиядағы инфрақұрылымдық жобаларға қосымша инвестицияларды тартуға, оның ішінде Қазақстан да, Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі және Азиялық даму банкі сияқты көпжақты банктердің қызметін толықтырады», - деп айтты.

Министрдің айтуы бойынша өңірлік мүше ретінде Қазақстанның мәртебесі болашақта ҚР «Нұрлы Жол» және «Жібек жолы экономикалық белдеуі» мемлекеттік бағдарламаларының түйіндесунің шеңберіндегі жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін АИИБ қаражатына жол ашады және.

Банк капиталының үйлестірілуіне сәйкес Банк капиталындағы Қазақстанның жалпы үлесі 129,3 немесе 0,7% құрайды. Төленетін капитал 145,9 миллион АҚШ долларын құрап, жыл сайын 5 траншпен төленеді.

АИИБ – халықаралық қаржы институты, негізгі мақсаты экономикалық дамуын қолдау, инфрақұрылымды инвестицияландыру және басқа да өндірістік секторлар арқылы Азиядағы әл-ауқатын құру және инфрақұрылымның өзара жақсарту болып табылады.

Қаржыландырудың басымдықты бағыт эенергетика, көлік, логистика, қала және ауыл инфрақұрылымы және т.б. болып табылады.

АИИБ штаб-пәтері – Пекин, банктің жарғылық капиталы 100 млрд. доллар.

57 елдің ішіндегі 37 азия елдері, 20 – өңірлік емес елдер. Ірі акционерлер Қытай, Үндістан, Ресей және т.б. болып табылады.