Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 100,4% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7024,7 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 3,7% артық.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 14634,5 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 1,6% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,2% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,6%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 8,9% төмендеді.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2748,7 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 4,4% артты.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,5%-ды құрды.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 512,1 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,5% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 254 млрд. жкм құрап, 1,8% артты.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,6%-ды құрды.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,3%-ды құрды.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі 6369,6 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы тиісті кезеңіне 99,6%.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда көтерме сауда көлемі 16393 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 100%.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 296,6 млрд. теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 5,9 % өсті.
2015 жылғы қаңтар-қарашада сыртқы сауда айналымы 70615,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2014 жылғы каңтар-қарашамен салыстырғанда 36,8% төмендеді, оның ішінде экспорт – 42758 млн. АҚШ долларын (42,4% аз), импорт – 27857,2 млн. АҚШ долларын құрады (25,7% аз).
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 360287 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,8% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 351229 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 221655-ті құрады, оның ішінде 212925 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).
Тұтыну бағасының индексі 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 113,6% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 10,9%, азық-түлік емес тауарларына – 22,6%, халыққа арналған ақылы қызметтерге – 8,1% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,8% төмендеді.
Әлеуметтік сектор
2015 жылғы қарашада халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 67519 теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қарашаға қарағанда 7,2% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 5% төмендеді.
2015 жылғы желтоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 157655 теңгені құрады.
2015 жылғы желтоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 444 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2015 жылғы желтоқсанның соңына 34,6 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,4%.