48 қадам: құрылысының сметалық құнын айқындаудың ресурстық әдісін енгізу

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 48 қадамын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі құрылыс құнын айқындау ресурстық әдісін енгізді.

Ресурстық әдіске көшу шеңберінде Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңғы тиісті өзгерістер енгізілді, 10 нормативтік құқықтық акті және 350 сметалық-нормативтік құжат әзірленіп, бекітілді.

2015 жылғы 1 шілдеден бастап құрылыс саласы құрылыс құнын айқындау ресурстық әдісіне көшті. Құрылыс саласының субъектілері жаңа объектілердің жобалау-сметалық құжаттама құрамында сметаларын ресурстық әдіспен есептейді.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Құрылыстағы баға белгілеу орталығының директоры Бауыржан Жанұзақов айтуы бойынша ресурстық әдіс объектілерді салу сметалық құнын материалдар мен жабдықтардың нақты нарықтық ағымдағы құнымен, құрылыс саласындағы жұмыскерлердің нақты жалақысымен анықтауға мүмкіндік береді, құрылыс өндірісінің жаңа технологияларына технологиялық карталарды жасақтау жолымен сметалық-нормативті базаны жаңа материалдармен, жабдықтармен және технологиялармен оперативті жаңартуға қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күнге, еліміздің әртүрлі өңірлерінде ресурстық әдіспен 414 жоба әзірленді, оның ішінде, 287 жоба бойынша оң сараптамалық қорытынды алдынды, қалған 127 сараптама қаралуда.

Құрылыс саласының ресурстық әдіске көшуге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында оқыту курстары ұйымдастырылды, нәтижесінде жобалау мекемелерінің 1190 маманы мен сәйкес аттестатталған сарапшылар оқытылды. 5113 пайдаланушылар өздігінен оқу үшін сметалық бағдарламалар электронды кілт арқылы ресурстық әдіс оқу нұсқасын алды.

Бұрын құрылыс құны 2001 жылғы бағалар деңгейінде базисті индекстік әдіспен есептелінген болатын, сонымен қатар ағымдағы жылға ауысу АЕК коэффиценті арқылы қамтамасыз етліген болатын.

Анықтама ретінде:

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 48 қадамын іске асыру шеңберінде құрылыс құнын анықтау әдістемелері бойынша экономикасы дамыған елдер тәжірибесін ескере отырып ресурстық әдіс енгізілді.


Ресурстық әдіс – бұл жобаны жүзеге асыру үшін қажет шығындар (ресурстар) элементтерін ағымдағы тарифтер мен бағаларды калькуляциялау арқылы құрылыс өнімінің құнын анықтау әдісі, бұл әдіс нақты, динамикалық дамитын нарықтық жағдайларға ең бейімделген әдіс.


Ресурстық әдіс жоба бойынша және ресурстық көрсеткіштер сметалық нормалар: еңбек шығыны, құрылыс машиналарын қолдану уақыты, материалдар, бұйымдар, конструкциялар және осы ресурстарға ағымдағы бағалар шығынын жоғары нақтылығымен ерекшеленеді, қажетті уақытқа инвестициялар объектілерінің құнын материалдық және еңбек ресурстарына ағымдағы бағалар негізінде анықтауға мұмкіндік береді.

Ресурстық әдістің ерекшелігі: ашықтылығы, нақтылық, әмбебаптылығы, оперативтілігі.