Ерболат Досаев аймақтармен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның (ӘКК) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламаларды іске асыруға, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге кепілдік беру, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласында қатысу мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді.
Кеңеске ауыл шаруашылық, қаржы, инвестициялар және даму министрліктерінің, «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ өкілдері, сонымен қатар облыстардың, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Селекторлық кеңестің нәтижесі бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға ӘКК «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламаларын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту аясында іске асырудан шығу мәселесін пысықтау тапсырылды.