2016 жылғы 5 ақпанда Бостон қ. (АҚШ) GEM 2015/16 жыл сайынғы Жаһандық есебінің (Global Entrepreneurship Monitor) таныстырылымы өтті.
Қазақстандағы кәсіпкерлік белсенділік
Қазақстан бойынша жүргізілген Кәсіпкерлікті жаһандық мониторингілеу нәтижелері Қазақстан жобаға қатысқан басқа 60 елмен салыстырғанда жұмыс орындарын құру перспективалары (60 орыннан 6-орын), қоғамдағы кәсіпкерлер мәртебесі (60 орыннан 3-орын), сондай-ақ кәсіпкерлікті қалаған мансабы ретінде таңдау (60 орыннан 4-орын) параметрлер бойынша айтарлықтай артықшылықтарға ие екенін көрсетті
GEM Жаһандық есебінің сарапшылары Қазақстанда тәуелсіздік жылдары кәсіпкердің келеңсіз бейнесінің толық жойылғанын атап отыр. Бүгінде қазақстандықтар кәсіпкерлерді қоғамда жоғары мәртебеге ие табысты тұлға ретінде ғана емес, сондай-ақ елдің әлеуметтік нығаюына елеулі үлес қосатын адамдар ретінде қабылдайды. Жастар кәсіпкерлікті таңдауға тұрарлық мансап ретінде көбірек қарауда.
Тұтастай алғанда, 2015 жылғы нәтижелер бойынша Қазақстанда ерте кәсіпкерлік белсенділік деңгейі 11% шегінде, бұл елдің еңбекке жарамды халқының шамамен 11%-ы жақын болашақта кәсіпкерлікпен айналысуды қалайтынын көрсетеді. Кәсіпкерлік белсенділік деңгейі бойынша Қазақстан 60 орыннан 29-орнында орналасқан, бұл ең жоғары нәтиже болып табылады. Салыстыру үшін, Ұлыбритания, Испания, Нидерланды, Малайзия сияқты елдерде кәсіпкерлік белсенділік деңгейі 7%-дан аспайды және кейбір жағдайларда 4%-дық деңгейге жетеді.
Сонымен бірге Қазақстан кәсіпкерлік қорқыныш – кәсіпкерлік бастамалардың іске аспай қалу қорқынышы көрсеткіші бойынша артта қалып отыр.
Осы жылы жаһандық таныстырылым шеңберінде ШОБ қолдау және дамыту саласында саясаттарды арнайы халықаралық шолу ұсынылған. Шолуда Қазақстанның әкімшілік кедергілер мен жүктемелерді төмендету бойынша реформаларына, сондай-ақ бизнесті қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарына оң бағалау жасалған.
Қазақстан бойынша Кәсіпкерлікті жаһандық мониторингілеу нәтижелері екінші жыл қатарынан Қазақстанның кәсіпкерлік белсенділіктің айтарлықтай жоғары деңгейін сақтап отырғанын көрсетті. Халықтың кәсіпкерлікке қалыптасқан оң көзқарасын ескере отырып, халықтың жеке кәсіпкерлік қызметке қызығушылығының одан әрі өсуін күтуге болады.
Қазақстан – жаһандық жобаға қатысатын жалғыз Орталық Азиялық өңір елі (2 жыл).
GEM жобасы шеңберіндегі зерттеуді құрамына ҚР ҰЭМ жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің ғалымдары кіретін ұлттық команда жүргеді.
«Кәсіпкерлікті жаһандық мониторингілеудің» 17- есебінің нәтижелеріне сәйкес 2015 жылы жастар арасында кәсіпкерлік қызметке қызығушылықтың ең жоғары деңгейі анықталды. 25-35 және 35-44 жас аралығындағы тұлғалар ең жоғары кәсіпкерлік белсендік танытып отыр. Кәсіпкерлікті жаһандық мониторингілеуге қатысушы 60 елдің ішінен халықтың жартысынан астамы өз ісін бастау барлық мүмкіндіктерге ие деп есептейді. 60 елде еңбекке қабілетті жастағы халықтың үштен екісі кәсіпкерлікті оң тұрғыдан бағалап отыр, өйткені қазіргі бұл бар еңбек қызметінің лайықты баламасы болып табылады.
Қазіргі кәсіпкерлердің көпшілігі үшін өз ісімен айналысуға ықылас таныту басқа табыс көзін іздеу қажеттілігінен гөрі өзін-өзі таныту ішкі уәжбен байланысты. Осылайша, инновациялық бағдарланған елдерде өз ісі иеленушілерінің шамамен 80%-ы кәсіпкерлікті ерікті түрде таңдады, тиімді және ресурстарға бағдарланған елдерде аталмыш ерікті кәсіпкерлер саны 70%-ға жетеді.
Тұтастай алғанда, қарастырылып отырған 60 елдің еңбекке қабілетті халықтың 21%-ы жақын арадағы үш жылда өз ісін ашуды жоспарлап отыр. Орта есеппен бес кәсіпкердің біреуі 6 не одан да көп қызметкер үшін жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлап отыр. Жұмыс орындарын құру бойынша ең жоғары әлеует АҚШ-та анықталды.