Марат Құсайынов – «МЖӘ туралы» Заң мемлекет және бизнес арасындағы қатынастың жаңа кезеңін ашады

ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ-мен бірлесіп, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Құсайыновтың төрағалығымен Алматы қаласы негізінде «Мемлекеттік –жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңын түсіндіру бойынша өңірлік семинар өткізді.

Семинарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жұмыстарын одан әрі ұйымдастыру, МЖӘ-ні дамытудың жол картасын енгізу мәселелері, сондай-ақ «Мемлекеттік –жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңын түсіндіру, экономиканың барлық салаларында МЖӘ-нің жобаларын жоспарлау және іске асыру рәсімдері талқыланды.

Марат Құсайынов МЖӘ бүгінгі таңда Үкімет пен өңірлер және бизнес арасында өзара тиімді, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты құру арқылы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырудың шынайы баламасы екендігін атап өтті.

«МЖӘ-нің дамуын одан әрі жылдамдату үшін ҚР Үкіметінің Дағдарысқа қарсы жоспарының аясында Өңірлерді дамыту бағдарламаларына жылына кемінде 5 МЖӘ жобасын іске асыру индикаторы қосылды» - деді бірінші вице-министр өз сөзінде.

«Мемлекеттік –жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының мақсаты қоғамдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің сапасының және қолжетімділік деңгейін арттыру үшін ресурстарды біріктіру арқылы Қазақстан Республикасы мен жеке сектор арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру және күшейту болып табылады.

Жеке қаржылық бастама.

МЖӘ туралы Заң жеке меншік объектілері бар кәсіпкерлерге (балабақшалар, медициналық мекемелері және т.б.) МЖӘ жобаларына бастама жасауға және баламалы ұсыныстар болмаған жағдайда, конкурс өткізбей тікелей келіссөздер жүргізу негізінде шарт жасау мүмкіндіктерін береді.

МЖӘ шағын нысандары. Үлгілік құжаттама негізінде іске асырылатын құны 4 млн-ге дейін айлық есептік көрсеткішті құрайтын (8,4 млрд.теңге) жобалар бойынша, алдын-ала біліктіліксіз және сараптамасыз (ҰКП тізілімі негізінде) конкурс өткізіледі. Республикалық деңгейде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сәйкесінше өңірлік палаталармен бірге тәсілдерді айқындайды және алдын-ала біліктіліктен өтпей жергілікті МЖӘ жобаларына қатысуы үшін кәсіпкерлер тізілімін қалыптастырады.

Сервистік келісім-шарттар. МЖӘ туралы Заң ғимараттарға, құрылыстарға ақпараттық жүйелерге тауарларды және көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды дәстүрлі сатып алудан жеке секторға сервистік функцияларды беру арқылы сервистік моделге өтуге мүмкіндік береді. Мемлекттік қолдау көрсетудің негізгі шарасы ретінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді саптып алу ұзақ мерзімді кепілдемелер болады.

Сервистік келісім-шарттар мемлекеттік денсаулық сақтау объектілерін зертханалық анализ, тамақ өнімдерін жеткізу және т.б. сяқты қызметтер түрлерімен қамтамасыз ету үшін қолданыла алады.

Олар жеке әріптестің (тәжірибесін, озық технологияларын) салыстырмалы артықшылықтарын пайдалануға бағытталған. Білім беру саласында сервистік байланыстар ақпараттық жүйелермен жұмыс үшін,байланыс, коммутация техникалық құралдарына қызмет көрсету, дыбыс берілуі, конференция-залдарын, оқу аудиторияларын жарықтандыруда және т.б жұмыстарда пайдаланылады.

Мемлекеттік қолдау шаралары. МЖӘ туралы Заңда жаңа жобаларды инвестициялық және операциялық шығындар өтемақысын, қолжетімділік және мемлекттік кепіл үшін төлемді қоса алғанда мемлекеттік қолдаудың барлық арсеналы сақталған.

МЖӘ туралы Заң Қазақстандық МЖӘ орталығы тарапынан МЖӘ-нің барлық қатысушыларын толық қызметтік қолдауды, оның ішінде зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу; жобаларға сараптама жүргізу; жобалардың іске асырылуын бағалау; мамандарды оқыту; іске асырылуы жоспарланатын МЖӘ жобаларының тізбесін жүргізу. Орталық МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетеді.

Жеке сектордың жоспарлау рәсімдеріне қатысуы. МЖӘ туралы Заң қабылданғаннан бастап елімізде бәсекелестік диалог тетігі енгізіле бастады, онда мемлекет жоспарланатын МЖӘ жобасы туралы жариялайды, ал барлық қызығушылық танытқан тұлғалар жобаның тұжырымдамасын, конкурстық құжаттаманы талқылауға және әзірлеуге қатыса алады.

Жалпы жаңа Заң МЖӘ-ні қолдану саласы бойынша шектеулерді алып тастауды көздейді, МЖӘ-ге қатысушылардың субъектілік құрамын кеңейтеді, МЖӘ жобаларына бастама жасау және дйындау жеке сектордың рөлін арттырады.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заң мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастарда жаңа белестерді ашады, ұлттық экономиканың барлық салалары мен аяларында МЖӘ-ні қолдану әлеуетін кеңейтеді және Қазақстанның жаңа өсу моделінің негізгі элементтерінің бірі болып табыла алады-деп ҚР Ұлттық экокномика бірінші Вице-министрі Марат Құсайынов өз сөзін аяқтады.

Семинарға мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, бизнес қауымдастқтар, «Қазақстандық мемлекттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС және т.б. өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық экономика министрлігі өткен жылдың желтоқсан айынан бастап «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының нормалары мен ережелерін мемлекеттік органдарға, әкімдіктер мен бизнес қауымдастықтарға кең көлемде түсіндіру бойынша жұмыстарды бастады.