ОЭСР және Еуразия елдерінің өкілдері еуразия аумағының бәсекеге қабілеттілігін көтеру мәселелерін талқылады.

23-26 қарашада Париж қаласында (Франция) «Еуразия елдеріндегі бәсекеге қабілеттілікті институттарды оңтайландыру, сабақтастықты нығайту және толыққанды өсуді қамтамасыз ету арқылы көтеру» тақырыбындағы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы Еуразия апталығы өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев басқарды.
ЭЫДҰ-ғы Еуразия апталығының шеңберінде Қазақстанның Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының жобалары бойынша дөңгелек үстел, сондай-ақ, Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін жөғарылату бойынша ЭЫДҰ бағдарламасының шеңберінде басқарушы комитеттердің отырысы және жоғары деңгейдегі Саяси диалогтың сессиясы өткізілді.
Ерболат Досаев «Тәуелсіздік жылдары ЭЫДҰ елдерімен тығыз ынтымақтастық Қазақстан экономикасына Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілетті ғаламдық индекске сәйкес әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдер тізімінің 42-позициясына дейін көтерілуіне мүмкіндік бергенін» атап өтті.
Министрдің айтуынша, Елбасының Ұлт Жоспары – 5 институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам ЭЫДҰ мықты институттар құру, мемлекеттік аппараттың айқындылығын қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және индустрияландыру саласында барынша дамыған елдердің озық тәжірибесіне негізделген.
Қазақстан Бәсекелестікке қабілетті еуразиялық бағдарламаның Орталықазиялық бастаманың оны 2008 жылы жарыққа шығуы күнінен бастап маңызды серіктесі болып табылады. Қазақстан ынтымақтастықтың 7 жылы ішінде өзінің қатысуының қатардағы серіктестен тең төраға дәрежесіне дейін өзінің мәртебесін көтерді.

ЭЫДҰ-ғы Еуразия аптасының мақсаты Еуразия мемлекеттері және ЭЫДҰ елдер-қатысушылар арасында қатынасты одан әрі нығайту үшін жағдай жасау болып табылады.