2015 жылғы қаңтар-қарашадағы қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсуі 0,4%-ды құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2015 жылғы қаңтар-қарашада 2014 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 100,4% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2015 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6034,1 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 3,9% артық.

2015 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 13096 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 1,5% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,3% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,4%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,7%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 8,8% төмендеді.

2015 жылғы қаңтар-қарашада ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2580,3 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 3% артты.

2015 жылғы қаңтар-қарашада «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,6%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтар-қарашада жүк айналымының көлемі 465 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2014 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 7,4% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 231,8 млрд. жкм құрап, 2,2% артты.

2015 жылғы қаңтар-қарашада «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 101,2%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтар-қарашада «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,6%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтар-қарашада бөлшек сауда көлемі 5580,4 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 0,3% өсті.

2015 жылғы қаңтар-қарашада көтерме сауда көлемі 14183,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 100,2%.

2015 жылғы қаңтар-қарашада тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 265,2 млрд. теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 6,7% өсті.

2015 жылғы қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы 64872,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2014 жылғы каңтар-қазанмен салыстырғанда 36,9% төмендеді, оның ішінде экспорт – 39289,1 млн. АҚШ долларын (42,9% аз), импорт – 25583,1 млн. АҚШ долларын құрады (24,9% аз).

2015 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 358742 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 349649 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 220835-ны құрады, оның ішінде 212073 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2015 жылғы қарашада 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 112,3% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 9,6%, азық-түлік емес тауарларына – 21,3%, халыққа арналған ақылы қызметтерге – 6,7% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2015 жылғы қарашада 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5% төмендеді.

Әлеуметтік сектор

2015 жылғы қазанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 64687 теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қазанға қарағанда 3,1% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 5,8% төмендеді.

2015 жылғы қарашада бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 124137 теңгені құрады.

2015 жылғы қарашада жұмыссыздар саны бағалау бойынша 448,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2015 жылғы қарашының соңына 58,2 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,6%.