Тимур Жақсылықов және Фостер Гултом Қазақстан мен Индонезияның сауда-экономикалық ынтымақтығы мәселелерін талқылады

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Қазақстан Республикасындағы Индонезия Елшісі Фостер Гултоммен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Индонезияның сауда-экономикалық ынтымақтастығының келешегі, сондай-ақ, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы бойынша Үкіметаралық комиссияның отырысын өткізуге дайындық мәселелерін талқылады.

Тимур Жақсылықов, Индонезиямен сауда-экономикалық ынтымақтастық Қазақстан және оның іскерлік тобы үшін ерекеше қызығушылық білдіретінін атап айтты.

Өз кезегінде Елші Фостер Гултом ынтымақтастықты нығайтуда қызығушылығын білдіре отырып, «Индонезия Қазақстан бастамаларынның іске асырылуы, оның ішінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын дамытуды қолдауға бағытталаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын бақылайтынын» айтты.

Сонымен қатар, тараптар бизнес-қоғамды тарта отырып, сауда және инвестициялар бойынша біріккен жұмыс тобын құру перспективаларын талқылады.

Қазақстан Республикасы және Индонезияның сауда айналымы 2014 жылы 39,2 млн.АҚШ долл. құрды.