Қазақстан Doing Business рейтингінде 41-ші позицияны иеленді

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингі бойынша 30 елдің қатарына кіруі жөніндегі тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметі елдегі бизнес-ахуалды және рейтинг позицияларын жақсарту бойынша ауқымды жұмыс атқарды.

Ағымдағы жылы Қазақстан әлемдегі 189 ел экономикасы ішінде 41-ші позицияны иеленіп, қойылған мақсатқа едәуір жақындады.

2016 жылғы «Doing Business» рейтингі бойынша Қазақстан неғұрлым көп реформаны жүзеге асырған мемлекет ретінде аталды. Он бағыттың ішінде 7 бағыттағы 19 реформаны жүзеге асырған.

Мемлекет басшысының бизнес-ахуалды түбегейлі жақсарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметі жүйелі түрде жүргізген жұмысының нәтижесінде Қазақстанның «Doing Business» рейтингісінің жақсаруына ақпал етті.

Мәселен, қолданыстағы заңнаманы реформалау, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, бизнес құру мен мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру рәсімдерін жеңілдету арқылы бизнеске әкімшілік қысымды азайту және іскерлік ортаны жақсарту бойынша теңдессіз шаралар қабылдады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі құрылысқа берілетін рұқсатты алу рәсімдерін оңайлату, сондай-ақ халықаралық сауда бойынша Қазақстанның «Doing Business» рейтингісінің позицияларын жақсарту бойынша ауқымды реформалар жургізді

Дүниежүзілік Банктің есебінде Қазақстан жүргіп отырған реформалары елде бизнесті жүргізудің жағдайларын едәуір жақсартқаны аталды.

Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамаға, рәсімдер санын, мерзімдері мен қаржылық шығындарын қысқартуға бағытталған үш түзетулер пакеті қабылданды, бұл өз кезегінде, кәсіпкерлікке түсетін ауыртпалықты елеулі төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік Банк Тобы Қазақстан Республикасы Үкіметінің реформаларын келесі бағыттар бойынша атап өтті:

Бизнесті тіркеу

Қазақстан шағын және орта кәсіпорындарды тіркеу үшін ақыны алып тастау, тіркеу мерзімін қысқарту және компания мөрін пайдалану туралы талапты жою арқылы кәсіпорындарды тіркеу рәсімдерін жеңілдетті.

Құрылысқа рұқсат беру

Қазақстан жер учаскесіне топографиялық түсірілім жүргізу туралы талапты алып тастау арқылы құрылысқа рұқсат беру рәсімдерін жеңілдетті.

Меншікті тіркеу

Қазақстан меншікті беруге арналған техникалық құжатты алу туралы және сатушы мен сатып алушының тіркеу құжаттарын нотариаттық куәландыру туралы талаптарды алып тастау арқылы меншікті беруді жеңілдетті.

Кредиттер алу

Қазақстан кепіл ретінде ұсынылатын құрама активтер санатының жалпы сипаттауын қамтитын қамтамасыз етілген ипотекалар туралы жаңа заң қабылдап, кредит алудың қол жетімділігін жеңілдетті.

Келісім шарт орындалуын қамтамасыз ету

Қазақстан ұсақ талап арыздардың жедел процедураларын және құқық қолданудың қағидаларын және процедураларын оңтайландыруды енгізе отырып, келісім шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жеңілдетті.

Төлем қабілетсіздігін шешу

Қазақстан кредит берушілерге қайта ұйымдастыру процедураларына бастамашылық етуге мүмкіндік бере және активтерді сатуды көтермелей отырып, төлем қабілетсіздігін шешу процедураларын жеңілдетті, сондай-ақ өндіріс ашудан кейін қаржыландыруға жол бере отырып және қамтамасыз етілмеген бар талаптар алдындағы артықшылықты бере отырып, банкроттық режимді оңтайландырды.

Миноритарлық инвесторларды қорғау

Қазақстан байланысты тұлғалармен мәмілелер туралы ақпаратты жедел ашуды және жылдық қаржылық есептерде егжей-тегжейлі ақпаратты талап ететін жаңа ережелерді енгізе отырып; сотта дәлелдер алудың түрлі тәсілдеріне жол берумен; кәсіпорындағы үлеспен байланысты құқықтардағы өзгерістердің басқа акционерлердің үштен екісінің дауысымен бекітуге жататыны туралы талапты енгізе отырып; еншілес ұйымдарға бас компания шығарған акцияларды салып алуға тыйым салумен; және басқарма мүшелерінің басқа компаниялардың директорлары болып табылатындығы не табылмайтындығы туралы және олардың бұрынғы жұмыс орындары туралы ақпаратты ашуды талап ете отырып миноритарлық инвесторларды қорғау бойынша шараларды күшейтті.