Бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ұсынды. Министр, Заң жобасы Мемлекет басшысы ұсынған 5 институционалдық реформа шеңберінде 91 және 92-қадамдарды іске асыру мақсатында әзірленді, сондай-ақ, мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігін арттыруға және бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Заң жобасының негізгі концептуалды бағыттары:
1. Премьер-Министрмен жасалатын меморандумдарда министрлер мен облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері үшін негізгі нысаналы индикаторларды жыл сайын бекіту;
2. Стратегиялық бағыттарды, мақсаттар мен нысаналы индикаторларды қамтитын стратегиялық жоспардың жаңа форматын енгізу;
3. Нәтижелерге қол жеткізуге назар аудара отырып, бюджет жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті ұсыну;
4. Тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмегені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен бюджеттік бағдарламалар басшыларының тәртіптік жауапкершілігі енгізу.
Заң жобасымен Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.