Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры Қайрат Төребаевтың тең төрағалығымен және Үндістан Республикасы Сауда және индустрия министрлігі ТМД елдерімен сауда департаменті директоры Гурупрасада Мохапатраның сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Үнді бірлескен 4-жұмыс тобы өтті.
Тараптар Қазақстан мен Үндістанның сауда-экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану, денсаулық сақтау және энергетика саласында ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 2015 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша 340,6 млн. $ құрады.