2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсуі 0,8%-ды құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 100,8% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4664 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 3,5% артық.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 10329,3 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,7% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,8%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,7%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 9% төмендеді.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1866,4 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 3,1% артты.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 106%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 101,7%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,9%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 4415,8 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 2,4% өсті.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 11150,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 100%.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 208 млрд. теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 7,5% өсті.

2015 жылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда айналымы 52849,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2014 жылғы каңтар-тамызбен салыстырғанда 35,3% төмендеді, оның ішінде экспорт – 32012,9 млн. АҚШ долларын (41,8% аз), импорт – 20836,9 млн. АҚШ долларын құрады (21,8% аз).

2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 356900 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,7% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 347842 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 217429-ны құрады, оның ішінде 208701 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2015 жылғы қыркүйекте 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,9% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 1,5%, азық-түлік емес тауарларына – 3,4%, халыққа арналған ақылы қызметтерге – 4% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2015 жылғы қыркүйекте 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 13,5% төмендеді.

Әлеуметтік сектор

2015 жылғы тамызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 65542 теңгені құрады, бұл 2014 жылғы тамызға қарағанда 4,7% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,8% өсті.

2015 жылғы қыркүйекте бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 121817 теңгені құрады.

2015 жылғы қыркүйекте жұмыссыздар саны бағалау бойынша 444 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2015 жылғы қыркүйектің соңына 62,4 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,7%.