2015 жылғы қаңтар-қазандағы қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсуі 0,5%-ды құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2015 жылғы қаңтар-қазанда 2014 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 100,5% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2015 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5320,2 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 3,8% артық.

2015 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 11646,5 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 1,3% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,5% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,2%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,5%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 8,7% төмендеді.

2015 жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2244,7 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 1,9% артты.

2015 жылғы қаңтар-қазанда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,6%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының көлемі 418 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2014 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 7,4% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 209,5 млрд. жкм құрап, 2,5% артты.

2015 жылғы қаңтар-қазанда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 101,7%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтар-қазанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,8%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі 4970 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 1,3% өсті.

2015 жылғы қаңтар-қазанда көтерме сауда көлемі 12544,6 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 100,2%.

2015 жылғы қаңтар-қазанда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 236,3 млрд. теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 7,2% өсті.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда айналымы 58878,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2014 жылғы каңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 36,4% төмендеді, оның ішінде экспорт – 35733,2 млн. АҚШ долларын (42,5% аз), импорт – 23145 млн. АҚШ долларын құрады (23,8% аз).

2015 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 357849 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 348764 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 219798-ны құрады, оның ішінде 211040 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2015 жылғы қазанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 108,2% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 6,1%, азық-түлік емес тауарларына – 13,9%, халыққа арналған ақылы қызметтерге – 5,2% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2015 жылғы қазанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 8,9% төмендеді.

Әлеуметтік сектор

2015 жылғы қыркүйекте халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 64644 теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қыркүйекке қарағанда 4,8% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,4% өсті.

2015 жылғы қазанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 122422 теңгені құрады.

2015 жылғы қазанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 441,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2015 жылғы қазанның соңына 62,2 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,7%.