Ерболат Досаев пен Тауфик Ар –Рабия Қазақстан және Сауд Арабиясы арасындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Сауд Арабиясы Индустрия және сауда министрі Тауфик Ар-Рабиямен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан және Сауд Арабиясының сауда-экономикалық қатынасы, инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Ерболат Досаев: «Астана мен Эр-Рияд мүдделері көптеген өңірлік және халықаралық проблематика, экономикалық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша үйлеседі, екі мемлекеттің достық сипаттағы ынтымақтастығынан көруге болады» - деп атап көрсетті.

Келіссөз барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басшысы EXPO-2017 жоғары технологиялы инфрақұрылымының негізінде барлық инвесторларға өздерін жайлы әрі барынша қауіпсіз сезінуге мүмкіндік беретін «Астана» қаржылық орталықтың құрылатынын айрықша атай отырып, Сауд Арабиясын EXPO-2017 халықаралық көрмесіне белсенді қатысуға шақырады.

Қазақстан және Сауд Арабиясының арасындағы сауда айналымы 2014 жылы 13,4 млн АҚШ долл. құрады.