Ерболат Досаев: ҚР Үкіметі және ЕҚҚДБ өңірлердегі ТКШ жаңғырту бойынша жобаларды іске асыруды кеңейтеді

ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Еуразиялық қайта құру және даму банкі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және көлік саласындағы халықаралық қаржы институттарымен муниципалды инфрақұрылым жобаларын қоса қаржыландыру бағдарламасы бойынша бірлескен конференция өткізді.

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев конференцияның ашылуында: «Жобаларды халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп іске асыру бюджеттен тыс инвестицияларды тарту және экономиканың тиісті салаларында қажетті құрылымдық реформаларды жүргізуді қамтамасыз етеді», - деді.

Министр ағымдағы жылы ХҚҰ бірлескен 26 жобаның дайындығы және іске асырылуы басталғанын, перспективалық портфельге автомобиль жолдарын, жылумен және сумен жабдықтау объектілерін салу, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жобалардың кіргенін атап айтты.

ҚР Үкіметі мен Еуразиялық қайта құру және даму банкінің ынтымақтастығы 2014 жылы әріптестік туралы негіздемелік келісімге қол қойылған кезден бастап өзінің белсенді фазасына қол жеткізді. ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ЕҚҚДБ ШОБ қолдау және ТКШ жаңғырту сияқты екі бағыт бойынша өзар іс қимылды жүзеге асырады.

2015-2017 жылдары ҚР Үкіметі ЕҚҚДБ бірлесіп жылумен/сумен жабдықтау және су бұру жүйесіндегі 16 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде, Қызылорда, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы коммуналдық инфрақұрылымды қайта жетілдіру де бар.

Қазақстан бойынша ЕҚҚДБ директоры Джанет Хэкман өз кезегінде, «бүгінгі таңда ЕҚҚДБ Қазақстанда халықтың тұрмысын жақсартатын жобалар бойынша оннан астам облыспен ынтымақтасатынын» атап өтті.