Бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды. Министр, заң жобасының негізгі мақсаты болып ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалануды, оларды жеке меншікке табыстаудың жаңа тетіктерін енгізу жолымен қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.
«Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы «100 қадам» Ұлт жоспарының 35 және 36- қадамдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
Министр, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 97,4 млн. гектары (98,8%) ұзақ мерзімге жалға берілген, тек жердің 1,2 % ғана жеке меншікте екенін атады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы мемлекеттік босалқы жерлер нарықтық айналымға тартылмаған күйінде қалып отыр.
Осығын орай, заң жобасымен Жер кодексіне келесі түзетулер енгізіледі:
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аукциондар арқылы жеке меншiкке беру.
Мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларына жеке меншік құқығымен аукциондар арқылы мынадай кезекпен беріледі:
- Жер учаскенің кадастрлық құнын арттыруды көздейтін аукцион арқылы.
- Егер екі аукционның нәтижесі бойынша участок сатылмаса, онда ол енды жер учаскесінің кадастрлық құнын бекітілген төменгі деңгейге дейін (кадастрлық құнының 50 %) төмендетуді көздейтін аукционға қойылады.
2. Жалға берілген жер учаскелерін сатып алу бойынша жеңілдік шарттарын беру.
- бүгінгі жалға алушыларға бұдан бұрын берілген ауыл шаруашылығы жер учаскелерін пайдалану (жалдау) құқығының мерзімі аяқталғанға дейін жеке меншiкке оның кадастрлық (бағалау) құнының 50 % мөлшеріне қарай айқындалатын жеңiлдiк бағамен және төлеу мерзiмiн 10 жылға дейін ұзартып сатып алуға құқық береді.
- жер үлестерін шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салым ретiнде немесе өндiрiстiк кооперативтерге жарна ретiнде берген осы үлестің иелерінің құқықтарын қорғайтын норма көзделген.
3. Жалда жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану бойынша шектеулерді алып тастау.
Ұсынылып отырған норма жер пайдаланушыларға жалға алу құқығымен құқықтық мәмілелер жасауға, оның ішінде, банкке кепілге беруге, иеліктен шығаруға және жалдау мерізімі ішінде табыстауға (субарендаға табыстаудан басқа) мүмкіндік береді.
4. Ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін алып тастау.
Ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін әкімшілік кедергілерді алып тастау және шығасыларды қысқарту арқылы қолайлы жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілерді салу кезінде және шаруашылық жүргізу нысанын ауыстырған кезде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алып тасталады.
ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев сөзін аяқтай келе: «Аталмыш шаралар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді толыққанды нарықтық айналымға енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауы, жерді пайдаланушылардың жер ресурстарын ұтымды пайдалануы бойынша жауапкершілігі мен ынтасын арттыруы тиіс», - деп айтты.