Сенат «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң жобасын қабылдады

Бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика Бірінші вице-министрі Марат Құсайынов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ұсынды. Бірінші вице-министр, заң жобалары жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігін кеңейте отырып, жергілікті тұрғындардың шешім қабылдау процессіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге ықпал жасайтынын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру мақсатында және Ұлт жоспарының 97 және 98 қадамдарының ұсыныстарын ескеру бойынша әзірленді.

Марат Құсайынов, Ұлт жоспарының аталған қадамдарының ұсыныстарына сәйкес ауыл әкімдеріне және жергілікті қоғамдастықтың жиналысына жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу бойынша қосымша функцияларды беру, мемлекеттік бюджеттің дербес деңгейі болып есептелінетін жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетін кезең-кезеңмен енгізу, сондай-ақ азаматтарды жергілікті бюджеттің жобасын және оның орындалысы туралы есепті талқылауға қатыстыру механизмдерін енгізу қарастырылғанын атады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша заң жобасы:

1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық дербестігін кеңейту:

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қосымша екі салықты (заңды тұлғалардың көлік және жер салығы) беру арқылы қолма-қол ақшаны бақылау шотын кеңейту қарастырыды.

2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экономикалық дербестігін кеңейту:

- меншікті иеліктен шығару үшін аудан әкімдігі міндетті түрде жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімін алу механизмін енгізу;

- ауыл әкімдеріне жеке тұлғалардың елді мекен аумағындағы жер учаскілерін мақсатсыз пайдалануға және заңсыз алуға жол бермеуді бақылау бойынша құзыреттерді беру.

3. Азаматтарды жергілікті бюджеттердің жобаларын және олардың орындалысы туралы есепті талқылауға қатыстыру механизмдерін енгізу, сондай-ақ, қала әкімінің халықпен өзара әрекет етуіне арналған қоғамдық құрылымдар құруға:

- аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қала және астананың, облыстардың әкімдіктеріне жергілікті бюджет жобаларын және олардың орындалысы туралы есептерді тиісті Қоғамдық кеңестерде қарастыруға және талқылауға шығару құзыретін беру ұсынылады;

- қала әкімдігі жанынан, қала мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір немесе бірнеше сайлау округтерінде құрылатын, қала әкімінің халықпен өзара әрекет етуіне арналған Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері болып табылатын консультативтік-кеңесші органды құру ұсынылады.

4. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыретін кезеңмен кеңейту:

- ауыл әкімдерінің тұрғын-үй қорын инвентаризациялау, апатты үйлерді жою, жер ресурстарын басқару, ауыл халқына шағын несие беруге ықпал жасау және жергілікті маңызы бар басқа да мәселелерді шешу бөлігінде құзыреттерін кеңейту ұсынылады;

- жергілікті қоғамдастық жиналысына әкімді тағайындау үшін оның кандидатурасын келісу, оны қызметтен босату мәселесін көтеру, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақта орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстарды енгізу, бюджеттік бағдарламаларды, жергілікті қоғамдастықтың даму бағдарламаларын, азаматтардың құқығы мен еркіндігіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілердің жобасын талқылау бойынша және басқа да функцияларды беру қарастырылған.