Тимур Жақсылықов және Такехико Накао Қазақстан мен АДБ ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Баку қаласында Азия даму банкі басқарушылары кеңесніңі 48-отырысы шеңберінде Азия даму банкінің Президенті Такехико Накаомен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен АДБ қаржылық-инвестициялық саласындағы, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнесті дамытудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында Вице-министр Такехико Накаоны ү.ж. 22-24 мамырында Астана қаласында өтетін VIII Астана Экономикалық Форумына қатысуға шақырды.