Ерболат Досаев Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын және Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы і

Жалпыұлттық жоспар Мемлекет басшысы атап өткен 10 жылға арналған нысаналы индикаторларды және 5 бағыт бойынша 39 іс-шараны қамтиды.
Жалпыұлттық жоспарды іске асыруда әзірленген Дағдарысқа қарсы жоспар Мемлекет басшысы 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауында берген жоғарыда аталған 5 негізгі бағытқа сәйкес барлық тапсырмаларды қамтиды.

ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев: «Дағдарысқа қарсы жоспар «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберіндегі реформаларды тереңдету жөніндегі, Мемлекет басшысының 2015 жылғы 18 қарашадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шараларды, 2015-2016 жылдарға арналған жедел шаралар мен «ерекше кезең», сондай-ақ экономиканы долларсыздандыру жоспарларының өтпелі іс-шарларын қамтиды», - деп хабарлады.

Дағдарысқа қарсы жоспар 2 бөлімнен тұрады:


1) Мемлекет басшысы 2015 жылғы30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған 5 негізгі басымдық шеңберінде жаңа құрылымдық экономиканы қалыптастыру;
2) экономиканың өсуін және оған кредит беруді ынталандыру бойынша жедел шаралар.
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жаңа құрылымдық экономиканы қалыптастыру үшін мынадай шаралар көзделеді.
Бірінші бағыт. «Қаржы секторын тұрақтандыру».
1) Үкімет пен Ұлттық Банктің орта мерзімді перспективадағы негізгі мақсаты инфляцияны 2016-2017 жылдары 6%-8%-ға дейін, 2018 жылы 5%-7%-ға дейін, 2019 жылы 4%-6%-ға дейін және 2020 жылы 3%-4%-ға дейін төмендету болып табылады.
2016 жылғы сәуірде базалық пайыздық мөлшерлемені икемді өзгерту тетігі енгізілетін болады, ол баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және инфляция деңгейін төмендетуге бағытталады. Бұл ақша-кредит саясаты операцияларының тиімділігін арттыруға және оның ақша нарығының мөлшерлемелеріне ықпалын күшейтуге мүмкіндік береді.
2) Жұмыс істемейтін кредиттер тұрғысынан банк секторының барлық субъектілеріне жүргізілген күйзеліс-тестілеудің нәтижелері бойынша қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2016 жылғы қыркүйекке дейін оларды мойындау және есептен шығару жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
3) Зейнетақы жинақтарының кірістілігін арттыру мақсатында 2016 жылғы наурызға дейін зейнеткерлік активтерді инвестициялау тәсілдері қайта қаралатын болады және 2016 жылғы шілдеге дейін зейнеткерлік қорлар активтерін қазақстандық немесе шетелдік жеке компаниялардың басқаруына беру тетіктері әзірленетін болады.
2016 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Проблемалы кредиттер қоры және басқа да қаржы институттары Ұлттық Банктің бақылауынан шығарылады.
4) Экономиканы долларсыздандыру мақсатында Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп экономиканы долларсыздандыру және корпоративтік құнды қағаздар нарығын дамытуды және биржалық сауданы теңгелей қаржы құралдарымен ынталандыруды, ел аумағында сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағаларын және олардың жарнамасындағы бағаларын тек ұлттық валютада белгілеу және көрсетуді қоса алғанда теңге құралдарының тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралар кешені қабылданатын болады.
Екінші бағыт. Бюджет саясатын оңтайландыру
Бюджет саясатының негізгі мақсаттары қатаң үнемдеу, мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және Ұлттық қор қаражатын ұтымды пайдалану болады.
1) Осыған байланысты, 2016 жылғы сәуірге дейін Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасының және 2016 жылғы тамызға дейін жаңа редакциядағы Бюджет кодексінің жобалары әзірленетін болады.
2) 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында 2016 жылғы сәуір-тамызда тиімсіз шығыстарды және жеке сектор қаржыландыруы мүмкін шығыстарды алып тастау арқылы бюджет шығыстарын оңтайландыра отырып, республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізілетін болады.
3) 2016 жылғы наурызға дейін Бюджет кодексіне қолма-қол ақша тапшылығын жабу үшін жергілікті атқарушы органдардың үш жылға дейінгі мерзімге Үкіметтен қарыз алуын көздейтін толықтырулар енгізілетін болады.
4) Бюджеттен күрделі шығынтарды қаржыландырудың сервистік моделін қолдану мүмкіндігі үшін 2016 жылғы наурызға дейін үлгілік сервистік келісімшарт әзірленетін болады.
5) Жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобасын әзірлеу кезінде республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен барлық жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру 2017 жылдан бастап толықтай жергілікті деңгейге берілетін болады.
6) Салық жүйесін түбегейлі реформалау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі 2016 жылғы тамызда ҚҚС-тің орнына сатудан түсетін салықты енгізуді, салық режимдерін үш деңгейге дейін оңтайландыруды, тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жоюды, сондай-ақ салық саласының ашықтығы мен салықты әкімшілендіру тиімділігін арттыруды көздейтін біріктірілген Салық және Кеден кодексінің жобасын Парламентке енгізетін болады.
Үшінші бағыт. Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру
Бәсекелестіктің жоғары деңгейі мен басым жеке сектор – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) дамыған елдерінің экономикалық жетістіктерінің негізі.
1) Yellow Pages Rules қағидаттарына сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыра алатын қызмет түрлерінің тізбесі бекітілетін болады.
2) Бәсекелестік пен жеке капиталды дамытуды ынталандыру үшін 2016 жылғы наурызда монополияға қарсы ведомствоның мәртебесі мен оның жұмыс тәртібін айқын регламенттей отырып, монополияға қарсы заңнаманы ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіруді көздейтін заң жобасы әзірленетін болады.
3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап үстем немесе монополиялық жағдайға ие Нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі жойылатын болады.
4) 2016-2017 жылдары табиғи монополиялардың базалық субъектілері шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа көшірілетін болады.
5) Экономикадағы мемлекеттің рөлін төмендету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілетін болады.

2015 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет Басшысы қол қойған, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор объектілерін мемлекет иелігінен алуды және жекешелендіруді жандандыруға бағытталған Заңды ескере отырып, жешелендіруге, активтерді әділ нарықтық құнымен сатуға, шектеулер алып тасталды, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік инвесторлардың жекешелендіруге барынша көп қатысуы үшін жағдайлар жасалған.
2016 жылғы қаңтарда жаңа Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілетін болады, сондай-ақ иеліктен шығаруға жатпайтын объектілердің тізбесін қысқартуды көздейтін Жарлық жобасы Президент Әкімшілігіне және барлық акционерлердің квазимемлекеттік сектордың иеліктен шығарылған активтерді сатып алуға басым құқықтарын алып тастауды көздейтін Заң жобасы Парламентке енгізілді.
6) 2016 жылғы қаңтарда жекешелендіру процесін сүйемелдеу және оның мониторингін жүргізу үшін халықаралық консультанттарды тарта отырып, Үкімет жанынан Жобалық офис (Delivery unit) құрылатын болады.
7) 2016 жылғы қаңтарда Бірыңғай ақпараттық саясат шеңберінде әрбір нақты кәсіпорынның мақсатын жіті сипаттай отырып, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»,«ҚазАгро» және «Бәйтерек» АҚ объектілерін қоса алғанда жекешелендіру бойынша кең ауқымды PR-кампания жоспары әзірленетін болады.
8) 2016-2018 жылдар ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өзгерту жалғасатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2017 жылғы шілдеге дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «КазАгро» ҰБХ» АҚ активтері бәсекелі ортаға көшкеннен кейін, оларды шағын холдингтер етіп қайта құру бойынша ұсыныстар дайындалатын болады.
9) 2016 жылғы мамырда жүргізілген талдау қорытындылары бойынша заңдастыру шарттары және оның қатысушыларына кепілдіктерді күшейту бойынша ұсыныстар қажет болған жағдайда енгізілетін болады.
10) Оңалту және банкроттықтың, сондай-ақ төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа тетіктерін іске асыру мақсатында 2016 жылғы қаңтарда тиісті Іс-қимыл жоспары қабылданатын болады және наурызға дейін жеке тұлғалар банкроттығы институтын енгізу бойынша заң жобасының тұжырымдамасы әзірленетін болады.
Төртінші бағыт. Жаңа инвестициялық сасаттың негіздері

1) Ел экономикасына инвестиция тартуды жандандыру үшін 2016 жылғы ақпанда ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде шараларды көздейтін Егжей-тегжейлі жоспар қабылданатын болады.
Осы жұмысты ұйымдастыру үшін 2016 жылғы қаңтарда Үкіметтік және өңірлік кеңестер құрылатын болады және «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар жөнінде комитеті мен «Казнекс Инвест» АҚ-тың қызметі күшейтілетін болады.
2) 2016 жылғы шілдеге дейін 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде миникластерлерді дамытуды қоса алғанда 6 макроөңірді (Оңтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Алматы және Астана) дамытудың инвестициялық бағдарламалары әзірленетін болады.
3) 2016 жылғы наурызға дейін үкіметтік қарыз алу деңгейін төмендету үшін мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну рәсімдерін жеңілдету, оның ішінде транштар бойынша және жеке меншік жобалар үшін сенімді агентті енгізу мақсатында бюджеттік заңнамаға өзгерістер енгізілетін болады.
4) «Мемлекеттік сатып алулар туралы» жаңа Заң шеңберінде ұзақмерзімді келісімшарттарды үш және одан көп жылдарға жасасу көзделеді, бұл жеке сектордың инвестициялық белсенділігін ынталандырады.
5) МЖӘ тетіктерін қолдануды жандандыру үшін 2016 жылғы наурызда әртүрлі салалар мен өңірлерде МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша жол картасы қабылданатын болады, ал бұған дейін 2015 жылғы желтоқсанда және 2016 жылғы қаңтарда өңірлерде кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.
6) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қытай Халық Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Моңғолия, Үндістан Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Орталық Азия және Кавказ елдерімен еркін сауда туралы келісім жасасу мәселесі жүйелік негізде пысықталатын болады.
7) 2016 жылдың сәуір айында ИДМ ИИДМБ өзектілендіру жөніндегі Жарлық жобасын дайындап, Президент Әкімшілігіне енгізетін болады.
8) 2016 жылғы мамырда Назарбаев Университетінің «Астана бизнес кампус» хайтек-паркі мен Алматы қаласындағы «Алатау» технопаркі базасында тиімді ғылыми-инновациялық жүйені дамыту үшін тиісті Жол картасы бекітілетін болады.
9) Бұдан басқа, 2016 жылдың мамыр айына дейін Білім және ғылым министрлігі Германия, Канада, Австралия және Сингапур елдерінің тәжірибесі бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлау жөніндегі бірлескен орталықтар құру бойынша ұсыныстар дайындайтын болады.

10) 2016 жылы мұнайгаз секторында ірі жобаларды іске асыру жалғасатын болады. 2016 жылғы желтоқсанда «Қашаған» кен орнында коммерциялық өндіру басталатын болады, Каспий құбыр желісі консорциумын кеңейту аяқталады, 2016 жылғы сәуірде «Теңізшевройл» ЖШС болашақ кеңейту жобасын белсенді іске асыру басталатын болады және 2017 жылғы желтоқсанда Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының құрылысы аяқталатын болады.
2017 жылдың соңына дейін Атыраудағы, Шымкенттегі және Павлодардағы қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру және жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр, бұл 2018 жылы ішкі нарықты отандық мұнай өнімдерімен толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
11) Жаңа ресурстық базаны құру және аустралия әдісі бойынша («бірінші келген - бірінші алады») геологиялық барлаудағы заңнаманы ырықтандыруды ескере отырып, шикізат секторын ұзақмерзімді тұрақтандыру мақсатында пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын игеру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
(Анықтама ретінде:ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында өткізілген аукцион 38 объекті бойынша тек қол қойылған бонус төлемі арқылы мемлекет бюджетіне 1,5 млрд теңгеден астам қаражтаттың түсуіне әкелді)
12) Аграрлық сектор Қазақстанның болашақтағы экономикалық өсуінің басты драйверлерінің біріне айналуы тиіс.
2016 жыл ішінде Аустралия мен Бразилияның тәжірибесі бойынша ДСҰ «жасыл себеті» шаралары арқылы ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі назары АӨК үшін инфрақұрылым құру мен жаңа технологиялар енгізуге ауысатын болады.
2016 жылы мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруға қолданыстағы субсидиялау жүйесін реформалау, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруларды жетілдіру және электронды астық қолхаттары жүйесін енгізу ықпал ететін болады.
13) Мемлекет басшысының бастамашылығымен өндірістерді Қытайдан Қазақстанға көшіру бойынша бірлескен инвестициялық бағдарлама инвестиция тарту үшін ең маңызды факторға айналады. Бұл бағдарламаның түйінді аспектісі оның 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық мемлекеттік бағдарламасымен ұштасуы болмақ.
Бесінші бағыт. Жаңа әлеуметтік саясат
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен жаңа әлеуметтік саясат шеңберінде:
1) Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру, әлеуметтік атаулы көмектің жаңа форматын енгізу тәжірибесін кеңейту, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын айқындау әдіснамасын өзгерту, сондай-ақ азық-түлік себетінің құрамын және тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларын қайта қарау мақсатында 2030 жылға дейін әлеуметтік даму Тұжырымдамасы өзектілендірілетін болады.
2) Бүгін өзектілендірілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы қаралатын болады.
3) Ағымдағы жылдың соңына дейін 2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 2016 жылғы 1 наурызға дейін жаңа Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленеді.
4) 2017 жылдан бастап білім беру саласында «Баршаға арналған кәсіптік-техникалық тегін білім» туралы жаңа жобаны іске асыру басталатын болады.
Әлемдік экономикадағы ахуалдың және Қазақстан экономикасының даму болжамының нашарлауын ескере отырып, Үкімет экономикалық өсуді ынталандыруға, жұмыспен қамтуды және халықтың кірісін қолдауға бағытталған қосымша жедел шараларды әзірледі.
Жедел шаралардың негізгі бағыттары мыналар:
1) Экономиканың нақты секторын дәлме-дәл қолдау
Өндірістің және отандық кәсіпорындар өнімі экспортының төмендеуіне жол бермеу мақсатында МТЖ қызметері мен электр энергиясы тарифтеріне 2016 жылға уақытша төмендету коэффициенттерi берілетін болады.
Отандық тауар өндірушілердің өнімін өткізуді қамтамасыз ету үшін жүйе құраушы және ірі кәсіпорындармен және ұлттық компаниялармен ұзақ мерзімді келісімшарттар мен меморандумдар (3 жылдан астам) жасалады, сондай-ақ «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы және МИИДБ инфрақұрылым құрылысында отандық материалдарды пайдалану ынталандырылады.
2) «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде түйінді инфрақұрылымдық жобаларды белсенді іске асыру
Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар құрылыс индустриясын дамытуға және тұтастай алғанда экономикадағы іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды қолдауға айтарлықтай мультипликативтік әсер етеді.
Түйінді инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын жеделдету үшін «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қосымша қаражат тарту көзделеді.
«Астана-Теміртау» және «Астана-Павлодар» автожолдарында жұмыстарды уақтылы аяқтау үшін (автожолдың бір бағытында екі жолақ бойынша қозғалыстың ашылуы және 2018 жылы «Астана-Павлодар-Семей» жобасының толық аяқталуы) 2016 жылы 75 млрд. теңге және 2017-2018 жылдары 225,1 млрд. теңге сомасына мемлекет кепілдігімен қарыз қосымша тартылатын болады.
Бұдан басқа, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ автожол жобаларын іске асыруға Қытай Халық Республикасының Эксимбанкінен 2,6 млрд. АҚШ доллары сомасына қарыз тартатын болады.
«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген Ұлттық қор қаражатын, Халықаралық қаржы ұйымдары, Қытай Эксимбанкі қарыздарын ескере отырып, қосымша қаражат тарту 2020 жылға дейін «Нұрлы Жол – Оңтүстік», «Нұрлы Жол – Шығыс», «Нұрлы Жол – Батыс» түйінді бағыттары және республикалық маңызы бар автожолдар бойынша 8 мың км. автожолды пайдалануға беруге мүмкіндік береді.
3) Шағын және орта бизнесті қолдау
Ағымдағы жылғы желтоқсанда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында айналым қаражатын толықтыру үшін кредит бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға өңірлерге 7,2 млрд. теңге сомасына, 2016 жылы инвестициялық кредиттерге субсидиялауға және кепілдендіруге – 7 млрд. теңге қосымша қаражат бөлінетін болады.
Бұл экономикаға 202 млрд. теңге сомасына кредиттерді тартуға, өнім өндіруді 418 млрд. теңгеден астам сомаға ұлғайтуға, кемінде 15 177 жұмыс орнын сақтауға және құруға, 50 млрд. теңге сомасында бюджетке салық түсімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шағын және орта бизнеске кредит беруді ұлғайту үшін 2016 жылы 65 млрд. теңге сомасына Халықаралық қаржы ұйымдарынан кредит желілері тартылатын болады, оның ішінде Дүниежүзілік Банктен – 30 млрд. теңге, Азия Даму Банкінен – 30 млрд. теңге, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінен – 5 млрд. теңге.
Макроөңірлерді дамытудың инвестициялық бағдарламаларын тиімді іске асыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын қолдау құралдары белсенді пайдаланылатын болады.
4) Халықтың тұрғын үйге қолжетімділік деңгейін арттыру
Халықтың тұрғын үйге қолжетімділік деңгейін арттыру үшін 2016-2018 жылдары жалға берілетін алаңы 817 мың ш.м. немесе шамамен 13 600 пәтер тұрғын үй салу және оны сатып алу қамтамасыз етіледі.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттерінің барлық салымдарына өтемақы беру үшін Үкімет резервінен 2016 жылы 20,9 млрд. теңге және 2017 жылы 16 млрд. теңге бөлінетін болады.
Тұрғын-үй құрылысындағы үлескерлік салымдарды кепілдендіру қорын құру мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жарғылық капиталын 10 млрд. теңгеге ұлғайту көзделіп отыр.
Бұдан басқа, бюджеттік кредиттеу және субсидиялау тетігі арқылы 298 км жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілері салынып және реконструкцияланатын болады.
2016-2017 жылдары шетел инвестицияларын тарта отырып, МЖӘ тетіктері арқылы «ePlanCheck» ЖСҚ тексерудің автоматтандырылған жүйесі және құрылыс объектілерін жобалау кезіндегі (BIM-технологиялар) ақпаратты модельдеу технологиясы енгізіледі.
5) АӨК жобаларын іске асыруды жеделдету.
Суландыру және гидромелиорация арқылы суармалы жерлерді қалпына келтіру жобаларын іске асыру үшін 2016-2018 жылдары 153 млрд. теңге сомасына ХҚҰ қарыздары мемлекеттік кепілдіктермен тартылатын болады.
«ҚазАгро» ауыл шаруашылығы өнімдерін, ең алдымен, ет пен сүт өндіру және өндеу жөніндегі басым инвестициялық жобаларын іске асыру мақсатында 2016-2018 жылдары 300,7 млрд. теңге сомасына мемлекеттік кепілдіктер беру көзделген.
6) Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының индустриялық жобаларын іске асыру
2016 жылғы наурызда 10 млрд. теңге сомасында мемлекеттік кепілдікпен берілетін қарыздарды тарту есебінен «Шүлбі ГЭС-і – Ақтоғай – Талдықорған – Алматы Жоғары кернеулі желі» 500 кВ электр тарату желісі құрылысының жобаларын іске асыру жалғасатын болады.
Сондай-ақ 2016-2018 жылдары «Интеграцияланған газ-химия кешені, 1-фазасы» жобасын іске асыру үшін 556,7 млрд. теңге сомасында мемлекеттік кепілдікпен берілетін қарыздар тартылатын болады.
2017 жылы Жамбыл облысында «ЕвроХим-Удобрения» ЖШС-нің минералды тыңайтқыштар өндіру зауыты үшін инфрақұрылым салынатын болады, ол үшін республикалық бюджеттен 11,1 млрд. теңге бөлінеді. Сондай-ақ республикалық бюджеттің 1,5 млрд. теңге қаражаты есебінен ғарыш аппараттарының жинау-сынақ кешенінің құрылысы аяқталады.
7) Әлеуметтік тұрақтылық және жұмыспен қамтуды қолдау
Жұмыспен қамтуды қолдау мақсатында 2016 жылы өңірлік Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарларын іске асыру жалғастырылатын болады және кадрларға қажеттілікті айқындау арқылы жұмыскерлердің босатылуы мен жаңадан құрылатын жұмыс орындарының жиынтық картасы өзектендіріледі.
2016 жылғы наурызда елдегі
әлеуметтік-экономикалық