2015 жылғы қаңтар-наурыздағы қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсуі 2%-ды құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2015 жылғы қаңтар-наурыз 2014 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 102% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2015 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 969,9 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 2,9% артық.

2015 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 3372,3 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 0,6% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,1%, өңдеу өнеркәсібінде 0,5% артты. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 2%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 9,4% төмендеді.

2015 жылғы қаңтар-наурызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 254,3 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 3% артты.

2015 жылғы қаңтар-наурызда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 107%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының көлемі 118,4 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2014 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,3% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 60,2 млрд. жкм құрап, 4% артты.

2015 жылғы қаңтар-наурызда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 107,3%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтар-наурызда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,1%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 1310,6 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,6% өсті.

2015 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 3143 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,9% артты.

2015 жылғы қаңтар-наурызда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 59,7 млрд. теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 7,9% өсті.

2015 жылғы қаңтар-ақпанда сыртқы сауда айналымы 13393,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2014 жылғы каңтар-ақпанмен салыстырғанда 37,1% төмендеді, оның ішінде экспорт – 8533,8 млн. АҚШ долларын (45,8% аз), импорт – 4859,3 млн. АҚШ долларын құрады (12,2% аз).

2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 357194 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 348259 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 198852-ны құрады, оның ішінде 190364 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2015 жылғы наурызда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,1% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 1,6%, халыққа арналған ақылы қызметтерге – 2,2% өсті, азық-түлік емес тауарларға – 0,6% төмендеді. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2015 жылғы наурызда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 14,8% төмендеді.

Әлеуметтік сектор

2015 жылғы ақпанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 62388 теңгені құрады, бұл 2014 жылғы ақпанға қарағанда 10,4% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 4,1% өсті.

2015 жылғы ақпанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 120975 теңгені құрады.

2015 жылғы наурызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 460,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2015 жылғы наурыздың соңына 56,1 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,6%.