ҚР Ұлттық экономика министрлігінде вице-министр Тимур Жақсылықовтың төрағалығымен Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Сауда, инвестициялар, энергетика және көлік жөніндегі кіші комитетінің 15-ші отырысы өткізілді. Еуропалық делегацияны Еуропалық сыртқы қарым-қатынас қызметінің басшысы Тоиво Клар басқарды.
Екі жақ сауда, Қазақстанға нарықтық экономикалы ел мәртебесін беру, тауарларды қатар импорттау, сондай-ақ инвестициялар, энергетикалық және көлік секторларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Тимур Жақсылықов ЕО Қазақстан Республикасының сауда және инвестиция саласындағы басты әріптесі болып табылатынын ескертті.
Қазақстанның ЕО елдерімен сауда айналымы өткен жылы $53,3 млрд. құрады.
Кіші комитет сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік ынтымақтастығы, сондай-ақ энергетика және қоршаған ортаны қорғау сияқты кең ауқымды мәселелер бойынша стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мендиверсификациялау бойынша Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы диалогтың маңызды тетігі болып табылады.