Сенат екі оқылымда кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын шектеу бойынша Заң жобасына түзетулерді қабылдады

Бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев«Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын шектеу бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» заңның жобасын ұсынды. Өз баяндамасында Министр бұл заң жобасын қабылдау кәсіпкерлерге қысымды азайтуға себеп болады және бизнесті мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласуынсыз дамытуға түрткіні береді, жеке сектордағы кәсіпкерлікті және бәсекелестікті дамытуға жағдай жасайтынын атап өтті.

Ерболат Досаев, кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын шектеу бойынша Заң жобасының негізгі мақсаты бизнес қатысатын еліміздің экономика салаларында мемлекеттің қатысу үлесін шектеу үшін құқықтық негіздерді бекіту болып табылады.

Жаңа енгізілімдер бәсекелестіктің жетілуіне және жеке кәсіпкерліктің жалпы дамуына ықпал етеді.

Заң жобасын әзірлеу кезінде мемлекеттік компанияларды және олардың еншілес ұйымдарды құру тұжырымдамалық бастамалары бойынша анық негіздер пысықталған, мысалы:

1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігінің немесе қоғам мүдделерін қорғаудың басқа мүмкіндігінің болмауы;

2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілерді пайдалану және ұстау;

3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда қызмет асыру;

4) мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша тиімділікті талдау және ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған ұйымдардың қызметті жүзеге асыруы;

5) ұқсас немесе өзара алмастыратын тауарды өндіруді және (немесе) іске асыруды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тиісті тауар нарығында болмауы;

6) Даму институтарды, қаржы ұйымдарды басқару және экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқару холдингтің құрылған қосылма тұлғалар қызметінің жүзеге асырылуы;

7) заңды тұлғаларды құру Қазақстан Республикасы заңдарымен немесе Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарымен, сондай-ақ Үкімет қаулыларымен тура көзделген жағдайда.

Бұл ретте, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңда бекітілген критерийлерге сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын мемлекеттің қатысуымен ұйымдар құруға, сондай-ақ оларда мемлекеттік қатысуына тыйым салынады.

Осы қағидаттар «Бәсекелестік туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», заңдарда мыналар арқылы іске асырылыды:

·