Мәжіліс кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын шектеу бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын шектеу бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» заңның жобасын ұсынды.

Өз баяндамасында Министр бұл заң жобасын қабылдау кәсіпкерлерге қысымды азайтуға себеп болады және бизнесті мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласуынсыз дамытуға түрткіні береді, жеке сектордағы кәсіпкерлікті және бәсекелестікті дамытуға жағдай жасайтынын атап өтті.

Ерболат Досаев, заң жобасының негізгі мақсаты бизнес қатысатын еліміздің экономика салаларында мемлекеттің қатысу үлесін шектеу үшін құқықтық негіздерді бекіту арқылы мемлекеттік активтерді басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылатынын атап өтті.

Бұдан басқа, жаңа енгізілімдер бәсекелестіктің жетілуіне және жеке кәсіпкерліктің жалпы дамуына ықпал етеді.

Заң жобасын әзірлеу кезінде мемлекеттік компанияларды және олардың еншілес ұйымдарды құру тұжырымдамалық бастамалары бойынша анық негіздер пысықталған, мысалы:

1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігінің немесе қоғам мүдделерін қорғаудың басқа мүмкіндігінің болмауы;

2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілерді пайдалану және ұстау;

3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда қызмет асыру;

4) мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша тиімділікті талдау және ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған ұйымдардың қызметті жүзеге асыруы;

5) ұқсас немесе өзара алмастыратын тауарды өндіруді және (немесе) іске асыруды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тиісті тауар нарығында болмауы;

6) Даму институтарды, қаржы ұйымдарды басқару және экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқару холдингтің құрылған қосылма тұлғалар қызметінің жүзеге асырылуы;

7) заңды тұлғаларды құру Қазақстан Республикасы заңдарымен немесе Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарымен, сондай-ақ Үкімет қаулыларымен тура көзделген жағдайда.

Бұл ретте, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңда бекітілген критерийлерге сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын мемлекеттің қатысуымен ұйымдар құруға, сондай-ақ оларда мемлекеттік қатысуына тыйым салынады.

Осы қағидаттар «Бәсекелестік туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», заңдарда мыналар арқылы іске асырылыды:

жаңа мемлекеттік кәсіпорындарды және еншілес компанияларды құруда қатаң шектеуді енгізу;

анықталған қағидаттарға қарамастан құрылған мемлекеттік компанияларды ғана жекешелендіру;

монополияға қарсы органды күшейту.

Министр, осы қағидаттарға қарамастан мемлекеттің қатысуымен құрылған ұйымдар жекешелендірілуге, ал қатысу үлесі иеліктен шығарылуы тиіс- екенін атап өтті.

Осы талдаудың ашықтығын және жариялығын қамтамасыз ету мақсатында заң жобасында жүргізілген талдаудың нәтижелерін монополияға қарсы органның ресми сайтында міндетті жариялау көзделеді.

Сондай-ақ монополияға қарсы орган қабылданатын шешімдердің ашықтығын күшейту мақсатында Комитет Басқаруының құрамына қоғамдық ұйымның өкілі енгізілген.

Ерболат Досаев Заң жобасында:

мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен кәсіпорындарды және заңды тұлғаларды міндетті жоюды, сондай-ақ осындай шешімді қабылдаған кезден бастап 2 жыл ішінде жекешелендірілмеген жағдайда мемлекеттің қатысу үлесін иеліктен шығаруды көздейтін,

бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайтын және Қазақстанның «Doing Business» рейтингінің бірінші 30 елінің қатарына кіру бойынша мақсатты шешуге мүмкіндік беретін,

Бизнеске соттан тыс тәртіпте жер дауларын шешу, тек банкроттық туралы ісі бойынша өндіріс қана емес, оны оңалту да бойынша, сондай-ақ миноритарлы акционерлердің мүдделерін қорғау мүмкіндіктерін көздейтін,

Әрекеттегі мемлекеттік компаниялар іске асыратын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгертуді міндетті түрде монополияға қарсы органмен келісілуге тиіс дегенді көздейтін нормалар енгізілгенін айтты.

Заң жобасын әзірлеудегі барлық жұмыс жеке секторы үшін қызмет саласын кеңейтуге бағытталған.

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «Қоғаммен ақпаратты ашу мақсатында ірі акционерлер туралы ақпаратты, сондай-ақ басшылық лауазымды немесе негізгі өзге қызметті басқа заңды тұлғада қатар атқаратын қоғамды басқару органының мүшелері туралы мәліметтерді, басқа заңды тұлғадағы оның өкілеттіктері және міндеттері туралы ақпаратты корпоративтік веб-сайтқа орналастыруды міндеттейтін норма енгізілді» - деп өз баяндамасын қорытты.