Қайрбек Өскенбаев ОКҚ брифингінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту туралы айтты

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндетұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға 450 млрд.теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингінте айтты.

Вице-министр: «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасышеңберінде жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғыртуға жалпы алғанда 450 млрд.теңге бөлінеді», - деп хабарлады.

Осылай, 2015 жылы – 60 млрд.теңге, 2016 жылы - 90 млрд.теңге, 2017- 2019 жылдар аралығында 100 млрд. теңге жыл сайын бөлініп отырады.

Қайырбек Өскенбаев, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бойынша кешенді іс-шаралар анықталғаны туралы айтты. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын төмендету бойынша проблемаларды шешу, сондай-ақ жылу шығаратын қуаттарды жөндеу және ауыстыру үшін тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту бойынша объектілерді орталықтандырылған технологиялық тексеру жүргізіледі, инвестициялардың негіздемесі әзірленеді және өңірлерде іріктеу критерийлері мен жобаларды іске асыру басымдықтары айқындалады.

Сонымен қатар, Вице-министр бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдардан барлығы жалпы сомасы 269,4 млрд. теңгені құрайтын 200 жоба ұсынылған. Олардың арасынан сомасы 60 млрд. теңгені құрайтын 96 жоба таңдалды:

- жылумен жабдықтау жүйесінің жаңғыртылуы бойынша 66 жоба;

- жылу көздері бойынша 15 жоба;

- су бұру бойынша 8 жоба;

- сумен жабдықтау бойынша 7 жоба.

Вице-министр: «Бұл тозуды 67 пайыздан 65 пайызға төмендету үшін 266,3 шақырымды құрайтын жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін қайта құрылымдауға және құрылысын жүргізуге мүмкіндік береді», - деп айтты.

Вице-министрдің сөзі бойынша, бүгінгі таңда жылу, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы отандық кәсіпкерлерге құбырлардың, бекіткіш-реттеуші арматуралардың, су сорғыш жабдықтардың, бу қазандығының құрылғыларын, су мен ақаба суларын тазартатын жабдықтардың өндірісі бойынша қолдау көрсететін 8 жұмыс тобы жасақталды. Сондай-ақ, отандық тауар өндірушілердің Реестрі құрылатын болады.

Қайыбек Өскенбаев, «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыру үшін сәйкестендірілген заңнамалық негіз жасалды. Атап айтса, «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жетілдірілд». Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысы, қайта құрылымдау және жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды бюджеттен несиелендірудің Ережесі, сондай-ақ, Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысы, қайта құрылымдау және жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды (инфрақұрылымдардың гаранттық ұсынысы) мемлекеттік емес қаржы ұйымдарымен бірге қаржыландыру жүргізгенде несиелендірудің Ережесі әзірленді.