Марат Құсайынов ОКҚ брифингінде «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтты

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов ОКҚ брифингінде: «Нұрлы жол» Бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2015 жылы – 796 млрд. тенге, 2016 жылы – 379 млрд. тенге, 2017 жылы – 3 млрд. АҚШ доллар эквиваленті көлемінде қаражат бағыттау жоспарлануда», - деп айтты.

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов «Нұрлы жол» Бағдарламасын іске асырылуы 2019 жылы 2014 жылға қатысты ЖІӨ-нің 15,7%-ға өсуіне мүмкіндік беретінін хабарлады.

Бағдарламаны іске асыру кезінде 2015 – 2019 жылдары 395,5 мың адамға арналған жұмыс орындарын құру, оның ішінде:

тұрақты – 86,9 мың адам;

уақытша – 308,6 мың адам;

2019 жылы базалық инфрақұрылым сапасы бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингін 57-орынға дейінжоғарылату.

Халықаралық қаржы институттары есебінен индикативті бірлесіп қаржыландыру көлемі 9 млрд. АҚШ доллар шамасында құрайтын болады.

Одан басқа, Ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты есебінен Бағдарламаны қаржыландыру 240,9 млрд. теңгені құрайды.

«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Бағдарламасының негізгі мақсаты - Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін хаб қағидатында тиімді инфрақұрылым түзу негізінде елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыру.

Бағдарлама негізгі екі блоктан тұрады. Бірінші бағыт – инфрақұрылымды дамыту, ол 7 бағытты қарастырып отыр:

1) Көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту.

Автожол саласындағы жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан 301,3 млрд. теңге сомасына қаражат бөлінеді, оның ішінде 2015 жылы – 178 млрд. теңге, 2016 жылы – 123,3 млрд. теңге. Бұл ретте ХҚҰ қарыздары есебінен 6,3 млрд. АҚШ долл. қоса қаржыландыру қамтамасыз етіледі.

2015 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде ірі автожол жобалары іске асырылады, олар «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс», «Орталық-Батыс» жәнереспубликалық маңызы бар басқа жолдарды реконструкциялау.

Жобалардың инвестициялық фазасы кезеңінде 200,0 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.

Теміржол саласы мен көліктік логистика жобаларын іске асыруға Ұлттық компаниялар қаражаты есебінен 19 млрд. теңге мөлшерінде қоса қаржыландырумен бірге, Ұлттық қордан 75,3 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінеді.

2015-2016 жылдар кезеңінде «Боржақты – Ерсай» теміржол желісін, Маңғыстау облысына Құрық портындағы паром өткелін және «Алматы-1 – Шу» учаскесін электрлендіре отырып, тұтас рельсті екінші жолдар салу бойынша жобалар іске асырылады.

Аталған жобаларды іске асыру жөнелту порттарында жүктің теңіздік тасымалының құнын азайтуға және Құрық портындағы паром өткеліне теміржол составтарын кедергісіз жеткізуге жағдай жасайды, жүктерді алып өту қабілетін 25 млн. тоннадан 80 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді және «Алматы-1 – Шу» учаскесінде поездардың жүру уақыты 2 есе дерлік қысқарады.

2) Индустриялық инфрақұрылымды дамыту үшін 2015 жылы Ұлттық қордан 81 млрд. теңге бөлінеді, оның ішінде «ҰИМТ» АЭА инфрақұрылымын салу үшін – 68,5 млрд. теңге, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымын дамыту үшін – 12,5 млрд. теңге.

«ҰИМТ» АЭА инфрақұрылымын салуды аяқтау шамамен 1,8 триллион теңге көлемінде инвестициялар тартуға және пайдалану кезеңінде шамамен 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын, сондай-ақ құрылыс кезеңінде 5 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымын салуды аяқтау Қорғас арқылы тауарайналымның көлемін 8 есе арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жүк тасымалдауды жылына 4 млн. тоннаға дейін ұлғайтады. Нәтижесінде, 150 млрд. теңге жеке инвестициялар тартылады және 20 мың-ға дейін жұмыс орны құрылатын болады.

3) Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, Шығыс Қазақстан мен Алматы өңірлерін электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және Солтүстік-Оңтүстік бағытына транзитті күшейту мақсатында «KEGOC» АҚ-ның 118,9 млрд. теңге меншікті қаражаты есебінен «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік 500кВ транзитін салу» жобасы іске асырылады.

Аталған жобаны іске қосумен Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігі арасындағы электр беру желілері арқылы рұқсат етілетін ток ағыны 2100 МВт жуық (шамамен жылына 14 млрд. кВт*с) болады. Бұл желінің болуы Қазақстанның оңтүстік облыстарына қазіргі деңгейден жылына 4 млрд.кВт*сағ артық тасымалдау үшін электрқуатының қосымша көлемін өндіруге мүмкіндік береді.

4) ТҮШ, жылумен, сумен жабдықтау, су бұру желілерін жаңғырту үшін 2015-2016 жылдары Ұлттық қордан 150 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінеді.

Бағдарламаның іске асырылуының келесі жылдары жыл сайын 100 млрд. теңгеден кем емес қаражат бөлінетін болады. Одан басқа, 2015 жылдан бастап ХҚҰ қарыздары тартылатын болады.

Коммуналдық желілерді жаңғырту жобаларының тиісті іске асырылуы 2020 жылға жылумен, сумен жабдықтау, су бұру желілерінің тозуын 65%-дан 53%-ғатөмендетуге және желілердегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсарады.

5) Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту және халықтың тұрғын үйге қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде, жалға берілетін тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылады.

Тұрғын үй инфрақұрылымын қолдауға бөлінетін Ұлттық қор қаражаты есебінен 2015-2016 жылдары қаржыландырудың жалпы көлемі 150 млрд. теңгені құрайды.

Жалпы, «ҚИК» ИҰ» АҚ желісі бойынша кейіннен жалға беру үшін тұрғын үй объектілерін салуды және (немесе) сатып алуды барлық көздерден жалпы қаржыландыру250 млрд. теңгені құрайды.