2015 жылғы қаңтардағы қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсуі 1,1%-ды құрды

ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕКТОР

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2015 жылғы қаңтарда 2014 жылғы қаңтарға қарағанда 101,1% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2015 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 249 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтарға қарағанда 2,3% артық.

2015 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 1087,3 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтарға қарағанда 0,8% кем. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі – 0,7%, өңдеу өнеркәсібінде – 0,6%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда - 1%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 10,8% төмендеді.

2015 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 79,9 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтарға қарағанда 3,3% артты.

2014 жылғы қаңтарда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 107%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі 40,7 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2014 жылғы қаңтармен салыстырғанда 22% өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 20,3 млрд. жкм құрап, 2,6% артты.

2015 жылғы қаңтарда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 110,8%-ды құрды.

2014 жылғы қаңтарда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,3%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 446,3 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтармен салыстырғанда 4,7% өсті.

2015 жылғы қаңтарда көтерме сауда көлемі 1036,5 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2,6% артты.

2015 жылғы қаңтарда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтердің көлемі 19 млрд. теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтармен салыстырғанда 9,6% өсті.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда сыртқы сауда айналымы 119450,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2013 жылғы каңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 10,5% төмендеді, оның ішінде экспорт – 78237,8 млн. АҚШ долларын (7,6% аз), импорт – 41212,8 млн. АҚШ долларын құрады (15,6% аз).

2015 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 354266 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 345364 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 198050-ны құрады, оның ішінде 189588 бірлік – шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2015 жылғы қаңтарда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,6% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 1,2%, халыққа арналған ақылы қызметтерге – 0,7% өсті, ал азық-түлік емес тауарларға – 0,1% төмендеді. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2015 жылғы қаңтарда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 10,3% төмендеді.

ӘЛЕУМЕТТІК СЕКТОР

2014 жылғы желтоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 72201 теңгені құрады, бұл 2013 жылғы желтоқсанға қарағанда 10,2% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,6% өсті.

2014 жылғы желтоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 154577 теңгені құрап, 2013 жылғы желтоқсанға қарағанда 12,8% өсті. Нақты жалақы индексі 2013 жылғы желтоқсанға 105% құрады.

2015 жылғы қантарда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 459,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2015 жылғы қаңтардың соңына 47,3 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,5%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,3%-ын құрады.