Ұлттық экономика министрлігі 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды

ҚР Үлттық экономика министрлігінде 2014 жылғы ведомствоның жұмысын қорытындыланды және ағымдағы жылға міндеттерді анықтады. Министр Ерболат Досаевтың төрағалығымен өткен есептік алқа отырысына қаржы министрі, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, халықаралық қаржы институттарының (Дүниежүзілік банк, Еуропа Қайта Құру және Дамыту банк, Азиялық Даму банк ) өкілдері қатысты.

Ерболат Досаев алқа отырысын аша отырып, «2014 жылы Министрліктің қызметі Мемлекет басшысының еліміздің әлемнің 30 дамыған елдер қатарына кірудің жаңа саяси бағыты айқындалған «Қазақстан-2050» Стратегиясы және «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауларын, сондай-ақ, Президенттің елімізде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталғанын» - мәлімдеді.

Министр «Экономиканың өсуін ынталандыру үшін Әлеуметтік-экономикалық саясаттың бiрiншi кезектегi шараларының 2014 жылға арналған жол картасы, сондай-ақ Экономика өсуін қамтамасыз ету жөніндегі Іс-шаралар жоспарының жасалғанын және іске асырылғанын айтты. Әлеуметтік-экономикалық саясаттың бiрiншi кезектегi шараларының 2014 жылға арналған жол картасының іске асырылуы қамтамасыз етілгенін» - атап өтті.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2014 жылы елімізде макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілді.

Бағалау бойынша, 2014 жылы нақты ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,3% құрады. Өнеркәсіптегі өсу 0,3%, ауыл шаруашылығында - 0,8% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 3,9% - ға өсті. Жұмыссыздық деңгейі 5,0%, инфляция - 7,4% құрады. Орташа жалақы 120,5 мың теңгені құрады және нақты мәнде 3,9% -ға өсті.

Ерболат Досаев сондай-ақ 2014 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының, сондай-ақ оны іске асыратын заңдар қабылданғанын атап өтті.

Аталған заңдар шеңберінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін кең ауқымды ажырату қамтамасыз етілді.

Ведомство басшысы, 2015 жылы Министрліктің алдында тұрған міндеттемелерді айта келе «Қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, Үкімет ішкі сұранысты қолдауға, жұмыссыздықтың өсуін болдырмауға және ЖІӨ-нің оң өсуін қамтамасыз етуге бағытталған контрциклді экономикалық саясат жүргізетін болады» - деп атап өтті.

Жаңа экономикалық саясатты іске асыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін көліктік-логистикалық, индустриалдық, энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, тұрғын-үй салуға бағытталатын «Нұрлы жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасының жобасын әзірленді.

Ерболат Досаев «Бұл бағыттардың экономиканың өсуіне айрықша мультипликативті әсер ететіндігін» - атап өтті.

Сонымен бірге, Министрлік мынадай басым бағыттарды айқындайды. Сонымен, Doing Business Дүниежүзілік банкінің Индексінде Қазақстанның рейтингін одан әрі жақсарту үшін кәсіпкерлікке барынша қолайлы жағдай жасау үшін заңнамалық өзгерістердің екінші пакеті дайындалды. Экономиканы қаржыландыру үшін МЖК тетіктерін қолдану кеңейтілетін болады.

Сондай-ақ, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жаңғырту үшін ЭЫДҰ мемлекеттік басқару саласындағы озық стандарттарын енгізу жоспарланып отыр.

Құрылымдық реформаларды жүргізу Министрліктің осы жылы басымдықтарының бірі болады. Қазіргі уақытта ҚР ҰЭМ халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен институционалды жобаларды іске асыруға кірісті.

2015 жылы ТКШ, электроэнергетика, ШОБ қолдау үшін кредит желісін беру және т.б. салалардағы жобаларды қамтитын 33 бірлескен жобаны іске асыруды бастау жоспарланып отыр.

Жалпы, 2015 жылы Ұлттық экономика министрлігінің қызметі Мемлекет басшысы қойған міндеттемелердің мүлтіксіз шешілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ экономиканың тұрақты дамуы және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметінің тапсырмаларын уақытылы және тиімді орындауға бағытталатын болады»-деп Министр өз баяндамасын қорытындылады.