Ерболат Досаев және Петер Сийярто Қазақстан мен Венгрия арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық сұрақтарын талқылады

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Венгрияның сыртқы экономикалық және шетелдік істері министрі Петер Сийяромен кездесу өткізді.

Ерболат Досаев: «Венгрия Қазақстан үшін маңызды сауда-экономикалық әріптес. Қазақстан-венгриялық қарым-қатынас тұрақты және нығаю перспективасына ие болып табылады»- деп айтты.

Венгрия мен Қазақстан арасында өзара әріптестік қатынастарды дамыту бойынша тиімді механизмі орнатылған. 2014 жылдың 2 маусымда Будапешт қаласында 4 отырысы өткен Экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-венгрилық үкіметаралық комиссиясы сәтті жұмыс істейді.

Сондай-ақ, министр Қазақстанның ЕО елдерімен сауда-экономикалық қатынастарының әлеуеті мен әртараптарын ұлғайту мақсатында жаңа Еуропалық одақпен кеңейтілген серіктес пен ынтымақтастық туралы келісімді әзірлеу және қол қою жұмыстары аяқталуда», - деп хабарлады.

Сонымен қатар кездесуге Қазақстанның Венгриядағы Төтенше және өкілетті елшісі Рүстемов Нұрбах қатысты.

Кездесудің қорытындысы бойынша екі жақ жемісті ынтымақтастықтың жалғасуына сенімділігін білдірді.

Қазақстан мен Венгрия тауар айналым 2014 жылы 190,5 млн. АҚШ долларын құрады.

Венгриядан Қазақстанға тікелей құйылатын инвестиция 2005 жылдан 2013 жылға дейінгі мерзімде 61,0 млн. АҚШ долларынан аса құрады.