Тимур Жақсылықов пен Джанет Хекман Қазақстанда ШОБ қолдау мәселелерін талқылады

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықовтың төрағалық етуімен Еуропа қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірлесе отырып Қазақстандағы іскерілік консультациялық қызметтер бағдарламасы үйлестіру комитетінің (BAS) екінші отырысы өткізілді.

ЕҚДБ тарапынан ЕҚДБ-нің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хекман және ЕҚДБ-нің Қазақстандағы және Монғолиядағы өңірлік бағдарламасының басшысы Хольгер Вифель қатысты.

Тимур Жақсылықов «ЕҚДБ ВАS бағдарламасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде ШОБ кешенді қолдау құралдарын толықтырады» - деп айтты.

Хольгер Вифель өз кезегінде, «Жеке секторды, шағын және орта кәсіпорындарды қолдау ЕҚДБ-нің Қазақстандағы ынтымақтастығының маңызды басымдығы болып табылады», - деп атап өтті.

ЕҚДБ ВАS бағдарламасы ШОБ субъектілеріне жергілікті және шетелдік консультанттардың консультациялық қызметтерін субсидиялау жолымен қолдау көрсетеді. Бұл қызметтер шағын және орта кәсіпорындарды әлеуетті рентабельді кәсіпорынға қайта құруға, бизнесті жүргізу бойынша заманауи басқарушылық шешімдерді енгізу, өнімділікті, нәтижелілікті, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және экспортты жылжыту сияқты мәселелерге бағытталған.

Отырыс барысында Еуропалық Қайта Құру және Д Банкі шағын және орта бизнеске іскерлік консультациялық қызметтер көрсету (BAS) арқылы қолдау көрсету бойынша бағдарламаның 2014 жылғы қорытындыларын ұсынды.

Тимур Жақсылықов: «2014 жылдың нәтижесі бойынша бағдарламаның іске асырылуы көш ілгері жүргізілуде, 2014 жылы жоспарланған 120 жобаның орнына 142 жоба орындалды» - деп хабарлады.

Жобаның шамамен 71% Қазақстан өңірлерінде іске асырылып келеді және олар Ақтөбе, Ақсай, Алматы, Астана, Қостанай, Шымкент және Өскемен қалаларындағы 7 өңірлік кеңселер арқылы қолдау табады. Ең жоғары сұранысқа сапаны арттыру, маркетинг, кәсіпорынның стратегиясын айқындау және адами ресурстарды басқару салалары ие.