Ерболат Досаев ҚР Үкіметі отырысында 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар туралы баяндады

Бүгін ҚР Үкіметінде Мемлекет басшысының 2016 жылғы 10 ақпанда кеңейтілген отырыста берген тапсырмаларын іске асыру барысы талқыланды. ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Ерболат Досаев дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралардың негізгі бағыттарын атап өтті: «Ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру және қаржылық тұрақтылықты қолдау»; «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде экономиканы қолдау жөніндегі шараларды кеңейту»; «Шағын және орта бизнесті және экономиканың негізгі салаларын қолдау»; «Іскерлік белсенділік пен халықты жұмыспен қамтуды қолдау».

1. «Ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру және қаржылық тұрақтылықты қолдау» бағыты бойынша ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру, ЕДБ кредит қоржындарын сауықтыру, экономиканы долларсыздандыру, сондай-ақ, банктік емес айырбастау пунктерінің ашықтығын арттыру бойынша және заңды тұлғалардың валюталық операцияларын мониторингілеу шаралары қабылданатын болады.

2. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде экономиканы қолдау бойынша шараларды кеңейту» бағыты бойынша тұрғын үй құрылысын және инфрақұрылымын жандандыру, ЭКСПО – 2017 көрмесі және Универсиада – 2017 объектілерінің құрылысын аяқтауды, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының 2016 жылға арналған инфрақұрылымдық жобаларының іске асырылуын жеделдету көзделуде.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2017 жылға жоспарланған 3 млрд. АҚШ долларынан 2016 жылға 1 млрд АҚШ долларын ауыстыру есебінен тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін 360 млрд.теңге бөлінетін болады.

1) ЖАО-да кезекте тұрғандарға жалға берілетін тұрғын үй салу және «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ желісі бойынша ішкі көші-қон үшін өңірлік квоталарды іске асыру мақсатында 53 млрд.теңге, оның ішінде 2016 жылы құрылысты аяқтау мерзімімен – 42 млрд теңге, 2017 жылға алдын-ала – 11 млрд.теңге бағытталған болады.

1 шаршы метр тұрғын үй құны инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымымен (ИКИ) Астана және Алматы қалаларында 200 мың теңгеден, қалған өңірлерде 180 мың теңгеден аспайтын болады.

Астана және Алматы қалалары үшін сатып алусыз тұрғын үй үшін ай сайынғы бағдарланған жалдау төлемі бір шаршы метрге – 640 теңге, басқа өңірлерде – 550 теңге, сатып алумен Астана және Алматы қалалары үшін – бір шаршы метрге 1230 теңге, басқа өңірлерде – 1110 теңге. Осы тетік бойынша 2016 жылы 324 мың. шаршы метр тұрғын үй (5 400 пәтер) енгізілетін болады.

2) «ҚТҚЖБ» АҚ салымшылары үшін кредиттік тұрғын үй құрылысына (601,4 мың адам жалпы жинақтау сомасы 296 млрд. теңге) «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ арқылы 149 млрд.теңге, оның ішінде:

– 67 млрд.теңге сомасы ЖАО және 60 млрд.теңге сомасы «Байтерек девелопмент» АҚ арқылы құрылысқа 127 млрд.теңге, аяқталу мерзімі 2016 жылы 76,2 млрд.теңгеге, алдын ала 2017 жылға– 50,8 млрд.теңге;

–ҚТҚЖБ салымшыларын кредиттеуге 22 млрд.теңге бөлінетін болады.

1 шаршы метр тұрғын үй құны ИКИ-сіз Астана және Алматы қалаларында 180 мың теңгеден, қалған өңірлерде 140 мың теңгеден аспайтын болады. 2016 жылы осы тетік бойынша 814 мың шаршы метр тұрғын үй (17 мың пәтер) енгізілетін болады.

3) Жеке құрылыс салушыларды қолдау үшін 2016 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (СҚ Жылжымайтын мүлік қоры) арқылы 97 млрд.теңге бағытталатын болады.

1 шаршы метр тұрғын үй құны Астана және Алматы қалаларында 240 мың теңгеден, қалған өңірлерде 200 мың теңгеден аспайтын болады.

Құрылыс салушыларға қойылатын негізгі талаптар: ИКИ тартылған жер учаскесінің болуы, мемелекеттік сараптамасы бар ЖСҚ, 20% өз қатысуы бар, қаржыландыру басынан бастап 18 ай ішінде қаражатты қайтаруы және банк кепілдігі болып табылады.

Құрылыс салушы салынған қаражатты қайтармаған жағдайда салынған тұрғын үй 20% дисконтпен мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының тетктерінің қолданыстағы тетігінің шеңберінде және «ҚТҚЖБ» АҚ-нің салымшыларына өткізілетін болады.

Осы тетік шеңберінде 2016 жылы 404,0 мың. шаршы метр тұрғын үй (7 мың пәтер) салынады.

4) жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйдің жаппай құрылысының жаңа аудандарындағы ИКИ құрылысына ЖАО нысаналы трансферттері арқылы 61 млрд.теңге бағытталатын болады, оның шеңберінде ағымдағы жылы 24 млрд.теңгеге ИКИ салынады және жеке құрылыс салушылардың меншікті қаражатын тарту мақсатында 2017 жылы құрылысты қамтамасыз ету үшін 37 млрд теңге алдын ала жоспарланды.

Шағын аудандарда ИКИ тартудың негізгі шарты егжей-тегжейлі жоспарлаумен магистрлальдық желілердің бекітілген жоспарының болуы

516,5 мың шаршы метр (8 мың пәтер) тұрғын-үйді 2016 жылға беруге жоспарлау кезінде 2016 жылы 1,5 млн. шаршы метрден астам (29,4 мың пәтер) және 2017 жылы 540 мың шаршы метр тұрғын үй (12 мың пәтер) енгізілетін болады.

ЭКСПО – 2017 көрмесі және Универсиада – 2017 объектілерін, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының 2016 жылға арналған инфрақұрылымдық жобаларының іске асырылуын уақтылы аяқтау мақсатында 194,5 млрд. теңге, оның ішінде:

ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізуге арналған объектілерді аяқтау үшін 85 млрд.теңге;

Алматы қаласында Универсиада – 2017 өткізу үшін - 33,6 млрд. теңге:

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында 2016 жылға көзделген инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын жеделдету үшін 75,9 млрд.теңге бөлу жоспарлануда.

«ШОБ және экономиканың негізгі салаларын қолдау» бағыты бойынша өндіріс көлемдерін сақтау және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті, АОҚ-тін басым жобаларын қолдау мақсатында экономиканы қорландыру және зейнетақы активтерінің кірістілігін қамтамасыз ету үшін 600 млрд.теңге көлемінде нарықтық пайыздық мөлшемелерімен БЖЗҚ қаражатын тарту жоспарлануда.

Ерболат Досаев: «Қаражат БЖЗҚ-ға екінші деңгейдегі банктердің шарттасқан облигацияларын сатып алу жолымен берілетін болады. Осы облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер тізбесі БЖЗҚ инвестициялық саясатына сәйкес анықталатын болады. Тартылған қаражат экономиканы кредиттеуге бағытталатын болады, бұл ретте банктер сыйақысы 4%-ға шектеледі. Кәсіпкерлерге осы кредиттер бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін 7% - ға арзандатуға мүмкіндік беріледі. Ол үшін 2016 жылғы 10 наурызға дейін аталған бағдарламаға енгізіледі, оның ішінде ЕДБ кредиттері бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 16,0% - дан 19,0% - ға дейін артуын көздейтін тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады» -деп атап өтті.

4. «Іскерлік белсенділік пен халықты жұмыспен қамтуды қолдау» бағыты бойынша 2016 жылы қалыптастырылған Үкіметтің арнайы резервінен белсендетілген ЖЖК-2020 іске асыруға, «ЖЖК-2020» щеңберінде ШОБ объектілеріне жетпей тұрған инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды тарту үшін, Елбасының 2015 жылғы 20 тамыздағы тапсырмасына сәйкес «ҚТҚЖБТ» АҚ салымшыларына өтемақы төлеу үшін 98,9 млрд. теңге бөлінетін болады.

Аталған бағыт шеңберінде 18 мың жұмыс орнын құрумен 56,0 мыңнан астам адам (жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтушы, табысы аз адамдар санынан) қамтылатын болады.

Сонымен қатар, 2016 жылы Қазақстан экономикасының өсуін ынталандыру үшін Ұлттық қордың қосымша қаражатын тартпай-ақ, барлығы
1 трлн. 278,4 млрд теңге бағытталатын болады.

2016 жылға «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бұрын көзделген қаражат және ҚҰ-ның қарыздары мен гранттарын ескере отырып 2016 жылы дағдарысқа қарсы топтамасын қаржыландырудың жалпы көлемі 2 трлн. теңгені (1 993 млрд. теңге) құрайды.

Министр баяндама соңында «жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыруға бөлінетін қаражаты толық игеру 2016 жылы экономикалық белсенділікті ынталандыруға, жұмыспен қамтылуды қолдауға және экономиканың өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» деп атап өтті.