Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан-Татарстан сауда-экономикалық ынтамақтастығы жөнінде жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Отырыс барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бірқатар сұрақтары, оның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және отын-энергетикалық кешен салалары бойынша мәселелер қарастырылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев отырысты аша отырып, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестер және тарихи одақтастар екенін атап өтті.

«Біздің сауда-экономикалық қарым-қатынастамыз ұзақ жылдар бойы әрі табысты жалғасып келеді. Қазақстан Ресей Федерациясы субъектілерінің әрқайсысымен өзара қарым-қатынас орнатты. Бұл жерде, Татарстанмен орнатқан ынтымақтастықтың орны ерекше»,-деп мәлімдеді министр.Республикасы Ұлттық экономика министрі

ҚР ҰЭМ басшысы, Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда айналымы Ресеймен сауда көлемінің небәрі 3-4 % құрайтынын айта келе, бұл үлесті ұлғайту қажет деп санайтынын, ағымдағы әлемдік дағдарыс ынтымақтастықты әсіресе инвестиция, ауылшаруашылығы, ғылым мен технологиялар саласындағы ынтымақтастықты ұлғайтуды талап ететіне сенімді екенін атап өтті.

Министр табысты ынтымақтастық пен кооперациялық байланыстарды бірлесе дамытуды мысал ретінде министр 2005 жылдан бастап жүк көлітері, самосвалдар, вахталық автобустар мен арнай техниканы жинаумен айналысатын «КАМАЗ-Инжиниринг» бірлескен кәсіпорынының қызметін келтірді.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара интеграциялық процестердің тереңдеуі Қазақстан – Татарстан қатынастарды барынша кеңейтеді. Осы мүмкіндіктерді Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда пайдалануымыз керек.- деп атап өтті Министрлік басшысы.

Премьер-министрдің орынбасары – Татарстан Республикасының өнеркәсіп және сауда министрі Равиль Зарипов Татарстан машина жасау, отын-энергетикалық кешен, көлік және қалалық сумен қамтамасыз ету салаларындағы бойынша сауда –экономикалық байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдіріп отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Татарстан делегациясының басшысы күн сәулесі панельдерін өндіретін «AstanaSolar» қазақстандық кәсіпорынның жұмысына жоғары баға берді.

Татарстан ғылым, жаңа технологиялар және өнеркәсіп салаларындағы және ірі мұнай өндіруде Ресей Федерациясының ең дамыған субъектілерінің бірі болып табылады.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық кеңінен дамуда. Қазақтан мен татарлардың мәдениеті мен салт-дәстүрі ұқсас, біздің халықтар келісім мен достықта өмір сүруде. Қазақстанда 200 мыңнан астам татарлар өмір сүреді, мәдени орталықтары жұмыс істейді, түрлі шаралар өткізіліп тұрады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда көлемі 133 млн долл. құрады.