Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруының тиімділігі талқыланды.
Бағдарламаның нәтижелері мен перспективаларын талқылау барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев: «Кәсіпкерлердің субсидиялау және екінші деңгейлі банктердің несиелері бойынша кепілдеме алу, жаңа бизнес бастамаларға грант алу, жетпей тұрған инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды салу, сонымен қатар оқыту, шетелдерде тағылымдама алу, сервистік қолдау және мамандандырылған консалтинг арқылы біліктілігін арттыру түріндегі қолдау ауқымды құралдарын алуға мүмкіндіктері бар.» - деп хабарлады.
Қолдаудың барлық шараларымен 230 442 кәсіпкер қамтылған. 237 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды және сақталды. 4 960 жобаны қолдау барысында 1 056 млрд. теңге сомасына несиелер арзандатылды. Экономиканың басымдық секторларына, оның ішінде үш бөліктен астамы (37%) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі банктермен берілген жалпы несиелерден Бағдарлама бойынша несиелердің үлесі 13,7% құрайды. Қаржылық қолдаумен 13,3% қарыз беруші банктер - 67% пайызын өндіруші өнеркәсіп құрайтын, экономиканың басым секторларындағы кәсіпкерлер қамтылған.
Салалық бөліністе бағдарлама аясында субсидиялау бойынша қолдау көрсетілген жобалардың ең көбі өңдеу өнеркәсібінде (39%), көлік және қаттауда (30%), денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетуде (6%), ауыл, орман және балық шаруашылығында (5%). Кепілдендіру бойынша: өңдеу өнеркәсібінде (48%), көлік және қаттауда (17%), ауылшаруашылығында (9%).
«2012 жылдан бастап 200 кем емес жаңа бастама жобаларға қолдау көрсетіледі, оның ішінде 100 кем емесі моноқалаларда орналасқан. 664 кәсіпорынға 69,6 млрд. теңгеге жетіспеген инфрақұрылым салынды.» - деп айтты Ерболат Досаев.
Сонымен қатар, Министр өңірлерде индустриалдық аймақтарды дамыту бойынша жұмыс жалғастырылып жатқанын атап айтты. 2014 жылы 15 индустриалдық аймаққа инфрақұрылым салуға қаржы бөлінді, ал ағымдағы жылы 6 индустриалдық аймақты қаржыландыру жоспарланған.
Бағдарлама аясында 2010 жылдан бастап бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлермен 174,4 млрд. салық төленіп, 2 503,3 млрд. теңгеге өнім шығарылды.
Сондай-ақ, Министр Өткен жылы экономикалық белсенді тұрғындардың «бір терезе» қағидасы арқылы бизнесті ашу және жүргізу, құралдары мен мемлекеттік қолдау шараларын, кәсіпкерлердің құзыретін арттыру мүмкіндігін ұлғайтуға мүмкін болатын Біріңғай бизнес-инфрақұрылымды құру жұмысы аяқталғанын хабарлады.
Барлық облыстық оратылықтарды және Астана, Алматы мен Семей қалаларында кәсіпкерлерге 18 Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында консалттық қызметтер көрсетіліп отыр. барлық аудан орталықтарда, шағын және моноқалаларда 188 Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмыс істейді, сондай-ақ ауылдық жерлерде консалтингін кқрсету мақсатында 14 мобильдік КҚО жүріп жатыр.
Министр: «Бағдарлама өзінің тиімділігін дәлелдеді, өйткені жоспарланған көрсеткіштер уақытылы орындалып отыр.» -деп айтты.
Министрлік мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленіп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті дамыту және қолдау біріңғай бағдарламасы шеңберінде бағдарламаны іске асыру бойынша күшейту жұмысын жүргізуде.
2010 - 2014 жылдар аралында Бағдарламаны іске асыру үшін Республикалық бюджеттен 174,4 млрд. теңге бөлінді. 2015 жылға Республикалық бюджеттен 51,8 млрд. теңге және дағдарысқа қарсы шара ретінде ШОБ жобаларына инфрақұрылым салу үшін Ұлттық қордан 10 млрд. теңге бөлінді.