Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» заң жобасын ұсынды. Ол өз сөзінде макроэкономикалық көрсеткіштердің Қазақстанныі 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық нақтыланған болжамы 2014 жылғы экономика салалары дамуының алдын-ала деректерін және негізгі экспорттық тауарлардың бағалары бойынша әлемдік тауар нарықтарындағы ағымды ахуалын ескере отырып қалыптастырғанын атап өтті.
2014 жылы Қазақстан экономикасы әлемдік нарықтардағы ахуалдың айтарлықтай өзгеруі мен әлемдегі геосаяси тұрақсыздық жағдайында дамыды.
2014 жылы мұнай мен темір кенінің әлемдік бағалары 2 есе төмендеді.
Осының аясында, алдын ала бағалау бойынша Қазақстан экономикасы 2014 жылы 4,3%-ға өсті.
2014 жылы ЖІӨ өсіміне негізгі үлесті көрсетілетін қызметтер өндірісі қосты, мұндағы өсу 6,0%-ды немесе 3,3 пайыздық тармақтық үлесті құрады.
Көрсетілетін қызметтер бөлінісінде барынша өсу сауда (9%), байланыс (8,5%), көлік және қоймалау (7%) салаларында байқалды.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім өндірісінің 1,0%-ға ұлғаюы есебінен өнеркәсіптегі өсу 0,3%-ды құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 0,3%-ға төмендеді.
Өткізілген теңгені түзетудің әсерін ескере отырып инфляция 7,4%-ды құрады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап мұнайға әлемдік бағаның 2 еседен аса төмендеуін және одан әрі нашарлау ықтималдығын ескере отырып мұнайдың бір баррелінің бағасы 50, 40 және 30 АҚШ долларына дейін жеткенде және металлға баға индексінің 5,0%-ға төмендеуі кезінде Қазақстан экономикасын дамыту болжамы әзірленді.
Барлық сценарийлерде мұнай өндіру көлемі 2015 жылы – 80,5 млн. тоннаны, 2016 жылы – 80,8 млн. тоннаны, 2017 жылы – 86,0 млн. тоннаны, 2018 жылы – 90,0 млн. тоннаны және 2019 жылы – 93,0 млн. тоннаны құрайды.
Базалық сценарий 2015-2017 жылдары мұнай бағасының бір барреліне 80 АҚШ долларынан 50 АҚШ долларына дейін, 2018-2019 жылдары баррель бағасы 60 АҚШ долларына төмендеуін болжайды.
ЖІӨ өсуі 2015 жылы 1,5% деңгейінде бағаланды, бұл қарашадағы нақтылаудан 3,3 п.т. төмен, 2016 жылы 2,2% (3,1 п.т. төмен), және 2017 жылы 3,3% (3,4 п.т. төмен), 2018 жылы 3,6% (2,2 п.т. төмен) және 2019 жылы 4,1% (2,4 п.т. төмен).
Осыны негізге ала отырып, 2015 жылы номиналды ЖІӨ 41 307,6 млрд. теңге көлемінде болжануда, бұл 2019 жылға қарай 59 869,9 млрд. теңгеге дейін ұлғаюмен бірге қарашада нақтыланған көрсеткішке қатысты 2 413,7 млрд. теңгеге төмен. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2015 жылы 12,8 мың АҚШ долларынан 2019 жылы 17,6 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды.
2015 жылы өнеркәсіп 0,3%-ға қысқарады (нақтыланған көрсеткіштен 1,7 пайыздық тармаққа төмен), 2019 жылы 2,0%-ға дейін ұлғаяды (3,5 пайыздық тармаққа төмен).
Өндіріс көлемінің және өнеркәсіп өнімдері экспортының төмендеуі және инвестициялардың бәсеңдеуі нәтижесінде көрсетілетін қызметтер саласының өсуі 2015 жылы 2,2%-ға дейін қысқарады.
Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт көлемі 2015 жылы 43,6 млрд. АҚШ долларына дейін 44,7%-ға төмендейді, импорт 34,7 млрд. АҚШ долларына дейін21,8%-ға төмендейді.
Инфляция деңгейі бұдан бұрынғы 6-8% дәлізінде сақталды.
Макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтыланған болжамы негізінде 2015 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды.
Импорт пен ЖІӨ бойынша болжамның төмендеуін ескере отырып, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) мұнайдың бағасы барреліне 50 АҚШ доллары (ЭКБ тоннасына 60 доллар) болған кезде 2015 жылы 3 219,9 млрд. теңге көлемінде бағалануда, бұл бекітілген жоспардан 939,6 млрд. теңгеге төмен.
Кірістердегі күтіліп отырған шығындарды ішінара өтеу мақсатында 2015 жылы бюджет тапшылығын 259,4 млрд. теңгеге (1 256,5 млрд. теңгеге дейін) немесе ЖІӨ-ге қатысты 2,3%-дан 3,0%-ға дейін ұлғайту ұсынылады.
Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері