Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі «Өзін-өзі реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жобаларын ұсынды. Өзінің баяндамасында Үкімет тұрақты негізде кәсіпкерлік қызметі саласындағы реттеудің қолданыстағы заңнамасын жетілдіру және әкімшілік кедергілерді азайту ретінде жүйелік жұмыс атқарып отыр.
Қайырбек Өскенбаев: «Мемлекеттік рұқсат беру жүйесін әрі қарай оңтайландыру нарықты реттеудін баламалы тетіктерін талап етеді» - деп айтты.
Вице-министрдің айтуы бойынша өзін-өзі реттеу институтын енгізу кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау және мемлекет пен бизнестің әріптестік қарым-қатынасын қалыптастыру, «анықтау және жазалау» саясатынан «алдын алу және адал кәсіпкерлікті көтермелеу» саясатына ауысумен жағымды бизнес-ахуалды қалыптастыруға жағдай жасауы мүмкін.
Өзін-өзі реттеу туралы заң жобасы мемлекеттік реттеудің тиімділігін кейбір қызмет салаларында өзін-өзі реттеу институтын сатылап енгізу арқылы арттыруға бағытталған.
Өзін-өзі реттеу ұйымында ерікті немесе міндетті мүшелікке негізделген, жеке және заңды тұлғалармен өздері жүзеге асыратын кәсіпкерлік немесе кәсіби қызметті өздігінше реттеуге бағытталған шаралар кешені өзін-өзі реттеу деп танылады. Осы орайда, «ерікті өзін-өзі реттеудің мақсаты – бұл нарық субъектілері ерікті бірігетіндіктен және өздеріне қосымша міндеттерді немесе жоғарылатылған талаптарды қабылдайтындықтан елеулі тәуекелдерге әкеп соқтырмайтын бірыңғай қағидаларды (стандарттарды) құру және тұтынушылар сенімін арттыру болып табылады».
«Міндетті өзін-өзі реттеу бәсекелестікті шектеу тәуекелдеріне әкеп соқтырады, соңдай-ақ мемлекеттік реттеудің тиімділігін төмендету. Осыған орай, өзін-өзі реттеудің бұл түрі тек қана заң негізінде және осы заңмен бекітілген шектеулердің сақталу жағдайында ғана енгізілуі қажет. Міндетті өзін-өзі реттеу өз мүшелерінің нарыққа кіруге қол жеткізулерін және олардың қызметтерінің заңнаманы және қағидаларын сақтау бөлігінде бақылау жүргізуді іске асыратынына негізделген» - атап өтті.
Заң жобасымен қызметтің, саланың, экономикалық қызмет түрлерінің, өндірілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығының жалпыға ортақ қағидаты бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің ерікті мүшелігіне (қатысуына) немесе реттелетін кәсіби қызмет субъектілерінің міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген қауымдастық (одақ) немесе Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген басқа ұйымдастыру-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйым болатын «өзін-өзі реттейтін ұйым» жаңа ұғымы енгізіледі.
Ерікті ӨӨРҰ ретінде қазіргі уақытта дара кәсiпкерлердiң және заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанында біріккен кәсіпкерлік субъектілері болатыны күтіледі. Міндетті ӨӨРҰ реттелетін кәсіби қызмет субъектілері атап айтқанда нотариустар, аудиторлар палатасы, адвокаттар коллегиясы болады.
ӨӨРҰ қызметі заңнама негізінде іске асырылады және келесі негізгі өлшемдерге сай болуы тиіс:
- іскерлік этика және іскерлік айналым дәстүрлеріне негізделеді;
- ӨӨРҰ мүшелерінің, оның жұмыскерлерінің және ӨӨРҰ басқару органдарының мүдделер қақтығысын болдырмауы тиіс;
- жосықсыз бәсекелестікке, тауарлар тұтынушыларына, ӨӨРҰ іскерлік абыройына зиян тигізуге жол бермейтін талаптарды белгілеуі тиіс.
ӨӨРҰ неғұрлым қолайлы әдістерді ұсынады:
- азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
- өтемақы қорын құру;
- нақты ӨӨРҰ барлық мүшелерінің тең бөліктерімен зиянды өтеуді көздейтін жауапкершілікті белгілеу;
- заңдарға сай АҚЖ кепілдеудің басқа тәсілдері.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен келесі негізгі заң жобаларымен сәйкестендіру мақсатында 1 кодекске және 7 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:
- Азаматтық кодекс;
- «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заң;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң;
- «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң;
- «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заң;
- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заң;
- «Аудиторлық қызмет туралы» Заң;
- «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заң.