2014 жылы ел экономикасы 4,3% өсті. Өнеркәсіптегі өсу 0,3%, ауыл шаруашылығында – 0,8% құрады. Негізгі капиталға инвестициялар 3,9% өсті.
Жұмыссыздық деңгейі 5,0%, инфляция 7,4% құрады.
Орташа айлық еңбек ақы 120,5 мың теңгені құрады және нақты мәнінде 3,9% өсті.
Елдің халықаралық резервтері 7,3% өсіп, 102,5 млрд АҚШ долларын, оның ішінде Ұлттық қор активтері –73,6 млрд АҚШ доллары, Ұлттық банктің алтын-валюта резерві - 28,9 млрд АҚШ долларын құрады,.
Жалпы Үкімет қабылдаған шаралар 2014 жылы елдегі макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді.
2014 жылғы 11 қарашада Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы елдің заманауи инфрақұрылымын құруға, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді қамтамасыз ету мақсатындағы жаңа талпыныстың және іскерлік белсенділіктің өсуіне жағдай жасауға бағытталған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жаңа экономикалық саясатты айқындады.
2015 жылғы 11 ақпанда Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткізіліп, онда ағымдағы жылғы және орта мерзімдік перспективаға арналған контрциклді экономикалық саясаттың нақты шаралары айқындалды.
Мемлекет басшысы Үкіметтің, Ұлттық банктің және әкімдердің алдында бірқатар міндеттер қойды.
Біріншіден, ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасын жаңа дағдарысқа қарсы шаралармен толықтыра отырып, экономиканы қолдау шараларын кеңейту тапсырылды.
Жаңа дағдарысқа қарсы шаралар отандық машина жасауды және экспорттылаушыларды қолдауға, шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін инфрақұрылымды жеткізуге, АӨК мемлекеттік қолдауды ұлғайтуға, ішкі нарықты қорғауға, тұрғын үй салуды ұлғайтуға және геологиялық барлау жүргізуді белсендіруге бағытталатын болады.
Жаңа дағдарысқа қарсы шаралар 2015 жылы 101 млрд. теңгеге қайта бөлінетін болады, оның ішінде:
2015 жылы Ұлттық қордан әлеуметтік инфрақұрылым құрылысына жоспарланған 30 млрд. теңге олардың нысаналы мақсатын нақтылау жолымен 17,3 млрд. теңге білім объектілерінің құрылысына, бірінші кезекте, мектептердің апаттылығы мен үш ауысымдағы оқытуды жоюға12,7 млрд. теңге мемлекеттік тапсырыстағы мектепке дейінгі ұйымдарға беруге жіберілетін болады;
2016 жылы Ұлттық қордан көзделген 71 млрд. теңге ХҚҰ жобаларын, ТҚШ жаңғыртуға, автожолдар мен жалдамалы тұрғын үйді ортақ қаржыландыруға бөлінген қаражаттың.
- 20 млрд. теңгесі - АӨК қолдауға;
- 10 млрд. тенгесі ЖКБ-2020 шеңберіндегі жобалары үшін инфрақұрылымды жеткізуге;
- 5 млрд. теңгесі техникалық реттеуді дамыту арқылы ішкі нарықты қорғауға;
- 6 млрд. теңгесі барлау жүргізуді белсендіруге;
– 30 млрд. теңге тұрғын үй құрылысын ұлғайтуға жіберілетін болады.
Ұлттық қордың «Бәйтерек» АҚ облигациялық займынан 2016 жылы кәсіпкерлік субъектілерні қаржыландыруға арналған көзделген 100 млрд. теңге, сонымен қатар 75 млрд. теңге сомасында 2015 жылға аударылатын болады. Оның:
- 70 млрд. теңгесі облигациялық займ түрінде, олардың
- 20 млрд. теңгесі – отандық автоөндірушілерді,
-10 млрд. теңгесі – ұшақтарды өндіруді,
- 5 млрд. теңгесі – жолаушыларды тасымалдау вагодарын өндіруді,
- 35 млрд. теңгесі – экспорттаушыларды қолдауға;
- 5 млрд. теңге мақсатты трансферттер түрінде оның жұмысын бастау үшін үлестік салымдарды кепілдендіру қорын капиталандыруға жұмсалады.