«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге (24-баптың 5-тармағы) сәйкес, «Теплосервис-Ақсу» КМК табиғи монополия субъектісінің инженерлік желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтініштерді қабылдау тәртібінің өзгергені туралы хабарлайды.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап аталған мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.
Өтініштер:
* «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
* уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы;
* мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы қабылданады.
Осыған байланысты, табиғи монополия субъектісінің кеңсесі (канцеляриясы) арқылы өтініш беру мүмкіндігі алып тасталды.
