2023 жылғы 1-жартыжылдық ішіндегі тұтынушылар және мүдделі тараптар алдындағы реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жылсайынғы есеп беруідің
№1 Хаттамасы
2023 жылғы 31 шілде
Табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері:
Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі,5
Ақсу қаласы әкімдігінің, “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ шаруашылық
жүргізу құқындағы “Теплосервис-Ақсу” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
жылу энергиясын беру мен тарату және жабдықтау
Есеп беру күні мен орны:
2023 жылғы 31 шілде, Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі,5
Реттелетін қызмет түрлері (тауарлар, қызметтер)
1) Жылу энергиясын беру мен тарату
2) Жылу энергиясымен жабдықтау
Тыңдаудың басталу уақыты: 11.00
Тыңдаудың аяқталу уақыты: 11.20
Қатысқандар:
- Ақсу қаласы әкімдігінің, “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ-нен сектор меңгерушісі А.Е. Жиенбаева
- «Теплосервис-Ақсу» КМК директоры Кумар Даниярович Ибраев,
қоғамдық тындалымның төрағасы
- Экономистің міндетін атқарушы Айсулу Самарбаевна Хасенова,
қоғамдық тындалымның хатшысы
- Бас инженердің м.а. – В.И. Абашин
КҮН ТӘРТІБІ:
- Тұтынушыларға жылу энергиясын беру мен тарату, жылу энергиясымен
жабдықтау қызметтерін көрсету бойынша 2023 жылғы 1-жартыжылдық ішіндегі қызметтердің қорытындысы бойынша есеп.
2.Сұрақтарға жауаптар.
Қоғамдық тындалымды қоғамдық тындалымның Төрағасы ашты және
күн тәртібін жариялады.
«Теплосервис-Ақсу» КМК директоры Құмар Даниярович Ибраевтың баяндамасын тыңдадық.
Баяндамада атап өтілген:
Табиғи монополиялар субъектісі ретінде «Теплосервис-Ақсу» КМК-нің қызметі «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ уәкілетті органымен реттеледі.
Кәсіпорын Ақсу қаласының объектілерін және өндірістік үй-жайларын, елді мекендерін жылумен жабдықтау қызметін көрсету саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып табылады. Негізгі қызмет түрі - жылу энергиясын беру мен тарату және жабдықтау.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты:
Желілердің жалпы ұзындығы – 99026 м, соның ішінде Ақсу қаласы бойынша – 89945 м, оның ішінде магистральды -16560 м, тарату – 82466 м.
«Қазхром» ТҰК акционерлік қоғамы АФЗ филиалына тиесілі ОЖҚ-2 Ақсу қаласын жылумен қамту көзі болып табылады. Ақсу қаласы бойынша 2023 жылғы 1 қаңтарға жылу желілерінің ұзындығы 89945 м құрайды.
Реттелетін қызметтерді көрсету көлемі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 30 маусымға дейін нақты көлем 251651 мың Гкал құрады, жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметтердің көлемі – 242885 мың Гкал, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша – 8766 мың Гкал.
Кәсіпорынның 2023 жылғы 1-жартыжылдық ішіндегі қаржылық-экономиялық көрсеткіштері:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мына тарифтер қолданылды:
Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу
комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 03
тамыздағы №71-НҚ бұйрығымен 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2026 жылғы
30 қыркүйекке дейін жылу энергияны беру,тарату бойынша жаңа смета және
тарифтік смета бекітілді.
Осы бұйрықтың негізінде 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 30
қыркүйекке дейінгі кезеңге тариф 1102,76 теңге/Гкал құрайды.
-Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу
комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2022 жылғы 21
қыркүйектегі №79-НҚ бұйрығымен 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2026 жылғы
30 қыркүйекке дейін жылу энергиямен жабдықтау бойынша жаңа смета және
тарифтік смета бекітілді
Осы бұйрықтың негізінде 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 30
қыркүйекке дейінгі кезеңге тұрғындар үшін тариф 2586,44 теңге/Гкал құрайды,
басқа тұтынушылар үшін 3169,17 теңге/Гкал құрайды.
2023 жылғы 1-жартыжылдық ішінде өндірістік қызмет нәтижелері бойынша жылу энергиясын беру және жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуден түсетін кірістер 297611 мың теңгені, оның ішінде жылу энергиясын беру мен тарату бойынша қызметтерді көрсетуден түсетін кірістер 264544 мың теңгені және жылумен жабдықтау бойынша түсетін кірістер 33067 мың теңгені құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметімен байланысты
шығындар 340320 мың теңге, оның ішінде жылу энергиясын беру мен тарату
бойынша қызметтерді көрсетуден - 304067 мың, жылумен жабдықтау бойынша
қызметтерді көрсетуден – 36253 мың теңгені құрайды.
2023 жылғы 1-жартыжылдық ішінде негізгі қызмет нәтижесінде 42709
мың теңге залал алынды,
2023 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша салықтар мен төлемдер
бюджет алдында берешек жоқ.
Кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін, оның ішінде қаланың жылу
желісін жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге, авариялық немесе
күтпеген жағдайларды жоюға, өндірістік қорлардың тозуын азайтуға ұдайы
дайын болуға, техникалық жарамды жағдайда ұстауға, техникалық ысыраптар,
сондай-ақ Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін жылу энергиясын
беру және тарату және жылумен жабдықтау бойынша қызметтерге
экономикалық негізделген тарифтер қажет.
Қазіргі уақытта нақты шығындарға бекітілген тарифтың сәйкессіздігі бар. Тариф 2021 жылы бес жылға бекітілген. Осы кезеңде тарифтік сметаның шығындарына енгізілген тауарлар мен қызметтер құнының айтарлықтай өсуі байқалды. Оның үстіне бағаның өсуін алдын ала болжау мүмкін емес, олардың қашан және қаншаға өсетіні белгісіз, бұл біздің жұмысымызды жоспарлауда қиындықтар туғызады. Тауарлар мен қызметтер бағасының орташа есеппен 30%-ға тұрақты өсуінің тұрақты үрдісі бар екенін ғана айта аламыз.Негізгі шығындарға электр энергиясы, жаңар-жағармай, қосалқы бөлшектер, шикізат, көмекші материалдар, үшінші тұлғалардың қызметтері (арнайы жабдықтың одан әрі жұмыс істеуге жарамдылығын диагностикалау, гидравликалық және температуралық сынақтар) жатады. 2021-2022 жылдары құбыр өнімдері мен арматура бағасының өсуін ерекше атап өтуге болады, олардың құнының өсуі 2020 жылмен салыстырғанда 75%-ды құрады. Сонымен қатар, жыл сайын «Теплосервис-Ақсу» КМК-ның балансына иесіз жылу құбырлары өткізіледі, олар жөндеу жүргізу үшін қосымша шығындар талап етеді, сонымен қатар амортизациялық аударымдар мен мүлік салығы бойынша шығындарды тудырады. Кәсіпорынның қолданыстағы көліктері тозған, оларды жаңарту қажет. Орташа қызмет ету мерзімі 20-30 жыл. Шекті күйге жеткен автомобиль көлігін ұстау шығындары жанар-жағармай құнының өсуіне, қосалқы бөлшектерге және оларды жөндеу қызметтеріне бағаның өсуіне байланысты. Қосалқы бөлшектердің бағасы орта есеппен 50 пайызға өсті. Маусымдық фактор кері әсер етеді. Жазғы кезең жылумен жабдықтаушы ұйым үшін тиімсіз, өйткені осы кезеңде кәсіпорнының жазғы жөндеу шеңберінде және жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуге, күрделі және ағымдағы жөндеуге отын мен материалдарды сатып алу құнының өсуіне байланысты кіріс азаяды. Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, кәсіпорынның шығындары оның кірісінен асып түсті және есепті кезеңде кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің теріс нәтижесіне әкелді. 2023 жылдың 1 жартыжылдығына кәсіпорынмен барлығы 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша ұзындығы 476,4 м, сметалық құны 15 769,263 мың теңге іс-шаралар жүргізілді, 2 жартыжылдыққа іс-шаралар жоспарлануда. ұзындығы 423 м, сметалық құны 17 651,114 мың теңге, бұл жоспарланған жұмыстардың жалпы көлемінің 100 %-ын құрайды.«Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа реформаны жүзеге асыру шеңберінде мүлікті меншік иелерінің есебінен салаға инвестициялар ұлғайту ұсынылды және қызметкерлердің жалақы деңгейін ұлғайту ұсынылды, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №53-НҚ бұйрығымен 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін жылу энергиясын беру, тарату және жылумен энергиямен жабдықтау бойынша жаңа смета және тарифтік смета бекітілді, бұл 1224,43 теңге/Гкал құрды. «Теплосервис-Ақсу» ҚМК кәсіпорынмен коммуналдық желілердің және тартылған мүліктің тозуын кезең-кезеңімен азайту мақсатында 2022-2023 жылдарға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламаға шаралар қосымша енгізілді.1.Жеткізу және қайтару құбырларының қанағаттанарлықсыз техникалықжағдайына байланысты, Ақсу қаласы, 4 шағын аудан ТК781-ден «Балапан» балабақшасына дейінгі жылу және ыстық су және жылумен жабдықтау құбырын қайта құру – 380,3 метр және жылу шығынын азайту мақсатында келесі іс-шараларды қамту қажет: - құбыр диаметрінің ұлғаюы ДУ 200мм-ден ДУ 250мм-43м-ге дейін;
- құбырды ауыстыру ДУ 100мм-293м;
- ЫСҚ құбыры диаметрінің ұлғаюы ЫСҚ ДУ 125мм-ден ДУ 150мм -21,5м-
ге дейін;
- ЫСҚ құбырын ауыстыру ДУ 80мм- 21,5м.
2. Ақсу ш.а. ТҚ 22а-дан ТК 23а, 8 наурыз, 7А ДУ 150мм-48м жылу құбырын күрделі жөндеу. Ақсу қаласы «Ақсу» шағын ауданының тұтынушыларын сенімді жылумен қамтамасыз ету және жылу желілерінің гидравликалық режимін жақсарту, сондай-ақ жылу шығынын азайту үшін қажет. Жаңа шараларды енгізуді ескере отырып, жылу трассаларын жөндеудің сметалық құны ҚҚС-сыз 34 882,48 мың теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта бекітілген инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2022
жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде жалпы
құны 11873,571мың теңге ұзындығы 550,4 м жылу желілеріне жөндеу өткізілді.
- ТК222-ден ТК 226-ға дейін, ұзындығы 19,5 м д150мм оқшаулауды ауыстыру;
- ТК461-ден ТК466-ға дейін ұзындығы 187 м, д 100 мм, Әуезов көшесіндегі, 87, 87а (40 ш.а) үйлер арқылы жылу трассаны қайта құру;
- Әуезов көшесінен бастап Әуезов көшесі, 4а (1 а ш.а) дейін ұзындығы
163,9, д 150 мм жылу трассаны қайта құру.
Сондай-ақ 2023-2024 жылдарға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламаға іс-шаралар қосымша енгізілген.
Бағдарламаны қаржыландыру көздерімен көрсетілген қызметтерге тарифтің құрамында амортизациялық аударымдармен пайда анықталады.
1.Ақсу қаласы 4 шағын ауданындағы №2 орта мектепке дейін ДН 150мм224м жылу құбырын және ДН 100мм-112м, ДН 50мм-112м ыстық су құбырын күрделі жөндеу. Тұтынушыларды сенімді жылумен қамтамасыз ету, жылу желілерінің гидравликалық режимін жақсарту, сондай-ақ жылу шығынын азайту үшін 448 метр қажет.Жаңа шараларды ескере отырып, жоғарыда аталған жылу трассаларынжөндеудің сметалық құны ҚҚС-сыз 33127,045 мың теңгені құрайды.
Тұтынушылармен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы:
Кәсіпорын реттелетін қызметтердің тұтынушыларымен тұрақты тығыз қарым-қатынаста болады. Қызметтерді көрсету фактісі бойынша салыстыру актісі жасалады және тұтынушылардың атына счет-фактуралар, орындалған жұмысы актісі беріледі, олар кәсіпорын өкілдерімен және қызметтің тұтынушыларымен қол қойылады. Сонымен қатар тұтынушылармен заңнамаға сәйкес жұмыстар өткізіледі-тұтынушылар алдында қызметтерді ұсыну бойынша қоғамдық тындалым, сонымен қатар тарифтер мен тарифтік сметалардың шекті деңгейлерінің жобаларын қарау бойынша қоғамдық тындалым, қызмет көрсету жөніндегі қызмет туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады, тұтынушыға тарифтердің өзгеруі туралы хабарлайды.
Тұтынушымен қарым-қатынаста этикалық-құқықтық нормалар сақталады және түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Есептің соңында сұрақтар мен ескертулер түскен жоқ.
Жұмыс сапасы бойынша шағым болған жоқ.
Қорытындылар:
2023 жылғы 1-жартыжылдық ішіндегі тұтынушылар және мүдделі тараптар алдындағы реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы есебін қабылдаймыз.
Кәсіпорын қызметі туралы тыңдалым аяқталды деп саналсын
Төраға: К.Д. Ибраев ______________
Хатшы: А. С. Хасенова ______________