2022 жыл ішіндегі  тұтынушылар және мүдделі тараптар алдындағы реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жылсайынғы есеп беруідің

№1 Хаттамасы

 

 

2023 жылғы 26 сәуір

 

Табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері:

Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі,5

 Ақсу қаласы әкімдігінің, “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ шаруашылық жүргізу құқындағы “Теплосервис-Ақсу” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жылу энергиясын беру мен тарату және жабдықтау

 

Есеп беру күні мен орны:

2022 жылғы 26 сәуір, Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі,5

 

Реттелетін қызмет түрлері (тауарлар, қызметтер)

1) Жылу энергиясын беру мен тарату

2) Жылу энергиясымен жабдықтау

 

Тыңдаудың басталу уақыты: 11.00

 

Тыңдаудың аяқталу уақыты: 11.40

 

Қатысқандар:

1.    «Ақсу біздің ортақ үйіміз» Қоғамдық бірлестігінен Канатбек Кайруллович Байманов.

2.    «Павлодар облысының тұтынушылар одағы» ҚБ-нен Юрий Федорович Павленко.

3.    «АсБал» ҚБ-нен Балкия Айдаровна Ергалиева.

4.     Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу  комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінен – Диас Сағадатұлы Садыков

5.    Ақсу қаласы әкімдігінің, “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ-нен сектор меңгерушісі А.Е. Жиенбаева

6.     «Теплосервис-Ақсу» КМК директоры Кумар Даниярович Ибраев, қоғамдық тындалымның төрағасы

7.    Экономистің міндетін атқарушы Айсулу Самарбаевна Хасенова, қоғамдық тындалымның хатшысы

Сондай-ақ қала тұрғындары.

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

1.        Тұтынушыларға жылу энергиясын беру мен тарату, жылу энергиясымен

жабдықтау қызметтерін көрсету бойынша 2022 жыл ішіндегі қызметтердің қорытындысы бойынша есеп.

2.Сұрақтарға жауаптар.

 

2022 жыл ішіндегі «Теплосервис-Ақсу» КМК қызметінің қорытындыларының мәселесі бойынша баяндамамен директор Құмар Даниярович Ибраевқа сөз беруге рұқсат етіңіздер

(К.Д. Ибраевтың сөз сөйлеуі)

 

           Баяндамада атап өтілген:

Табиғи монополиялар субъектісі ретінде «Теплосервис-Ақсу» КМК-нің қызметін «Қазақсан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша  департаменті» РММ уәкілетті органымен реттеледі.

Кәсіпорын  Ақсу қаласының объектілерін және өндірістік үй-жайларын,  елді мекендерін жылумен жабдықтау қызметін көрсету саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып табылады.

Негізгі қызмет түрі - Ақсу қаласына жылу энергиясын беру мен тарату және Ақсу шағын аудандарын жылу энергиясымен жабдықтау.    

Кәсіпорынның өндірістік қуаты:

Желілердің жалпы ұзындығы – 99026 м, соның ішінде Ақсу қаласы бойынша – 89945 м, оның ішінде магистральды -14191 м, тарату – 75754 м

«Қазхром» ТҰК акционерлік қоғамы АФЗ филиалына тиесілі ОЖҚ-2 Ақсу қаласын жылумен қамтамасыз ету көзі болып табылады.

Реттелетін қызметтерді көрсету көлемі:

2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін нақты көлем 395028 мың Гкал құрады, жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметтердің көлемі – 377418 мың Гкал, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша – 17610 мың Гкал.

2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін нақты көлем 134695 мың Гкал құрады, жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметтердің көлемі – 126906 мың Гкал, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша – 7789 мың Гкал.

Кәсіпорынның 2022 жылға арналған қаржылық-экономиялық көрсеткіштері:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу  комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 03 тамыздағы №71-ОД бұйрығымен жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметіне тарифтің шекті деңгейі бекітілді және құрады:

01.10.2021-30.09.2022 ж.ж. кезеңге -1063,22 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);

01.10.2022-30.09.2023 ж.ж. кезеңге -1102,76 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу  комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 03 тамыздағы №72-ОД бұйрығымен жылу энергиясын беру және тарату қызметіне тарифтің шекті деңгейі бекітілді және құрады:

01.10.2021-30.09.2022 ж.ж. кезеңге

- тұрғындар үшін -2440,00 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);

- өзге де тұтынушылар және бюджеттік ұйымдар үшін – 2906,13 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);

01.10.2022-30.09.2023 ж.ж. кезеңге

- тұрғындар үшін -2586,44 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);

- өзге де тұтынушылар және бюджеттік ұйымдар үшін – 3169,17 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз).

           2021 жылғы 01 қазаннан бастап 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін кезеңге өндірістік қызмет нәтижелері бойынша жылу энергиясын беру және жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуден түскен табыс 446608 мың теңгені, оның ішінде жылу энергиясын беру мен тарату бойынша қызметтерді көрсетуден түскен табыс 401278 мың теңгені құрайды.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметімен байланысты шығындар 484858 мың теңге, оның ішінде жылу энергиясын беру мен тарату бойынша қызметтерді көрсетуден - 433562 мың теңгені құрайды.

2021 жылғы 01 қазаннан бастап 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін негізгі қызмет нәтижесінде алынған пайда 7080 мың теңгені, жылу энергиясын беру бойынша қызметінен 8775 мың теңге, ал жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуден залал сомасы-1695 мың теңгені құрады.

2022 жылғы 01 қазаннан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін кезеңге өндірістік қызмет нәтижелері бойынша жылу энергиясын беру және жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуден түскен табыс 183415 мың теңгені, оның ішінде жылу энергиясын беру мен тарату бойынша қызметтерді көрсетуден түскен табыс 161681мың теңгені, ал жылумен жабдықтау бойынша қызметінен табыс 21734 мың теңгені құрады.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметімен байланысты шығындар 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін 161021 мың теңге, оның ішінде жылу энергиясын беру мен тарату бойынша қызметтерді көрсетуден - 136884 мың теңге, ал жылумен жабдықтау бойынша қызметінен - 24137 мың теңгені құрады.

2022 жылғы 01 қазаннан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін негізгі қызмет нәтижесінде алынған табыс 22394 мың теңгені, жылу энергиясын беру мен тарату бойынша қызметтен 24797 мың теңге, ал жылу энергиясын беру бойынша қызметінен залал сомасы 2403 мың теңгені құрады.

2022 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша салықтар мен төлемдер бойынша бюджет алдында берешек жоқ.

     Кәсіпорынның қалыпты қызмет етуі үшін, оның ішінде қаланың жылу-желілік шаруашылығын техникалық жарамды жай-күйде ұстау, үздіксіз жылу беруді қамтамасыз ету, төтенше немесе күтпеген жағдайлар пайда болған кезде үнемі дайын болу және жою, өндірістік активтердің тозуын төмендету, сондай-ақ кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыруға жылу энергиясымен жабдықтау және жылу энергиясын беру мен тарату бойынша қызметтерге экономикалық негізделген тарифтер қажет.
          Қазіргі уақытта бекітілген тарифтің нақты шығындарға сәйкес келмеуі байқалады. Тариф 2021 жылы 5 жылға бекітілген. Осы кезеңде тарифтік сметаның шығындарына енгізілген тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнының айтарлықтай өсуі байқалды. Бағаның өсуін алдын ала болжау мүмкін емес, олардың қашан және қаншаға өсетіні белгісіз, бұл біздің жұмысымызды жоспарлауға қиындықтар туғызады. Тауарлар мен қызметтер бағасының орташа есеппен 30%-ға үнемі өсуінің тұрақты қарқыны бар екенін ғана айта аламыз. Негізгі шығындарға электр энергиясы, ЖЖМ, шикізат, қосалқы материалдар, үшінші тұлғалардың қызметтері жатады.

             2021-2022 жылдары құбыр өнімдері мен арматура бағасының өсуін ерекше атап өтуге болады, олардың құнының өсуі 2020 жылмен салыстырғанда 75%-ды құрады.
             Кәсіпорынның қолданыстағы көліктері тозған, оларды жаңарту қажет. Орташа қызмет ету мерзімі 20-30 жыл. Шекті күйге жеткен автомобиль көлігін ұстау құны жанар-жағармай құнының өсуіне, қосалқы бөлшектерге және оларды жөндеу қызметтеріне бағаның өсуіне байланысты. Қосалқы бөлшектердің бағасы орта есеппен 50 %-ға өсті.
             Осылайша, өзіндік құн 2021 жылмен салыстырғанда 16,2%-ға өсті.
             Табиғи монополиялар субъектілері – қызмет көрсетушілер өзара байланысты және өзара тәуелді екенін атап өткен жөн, өйткені олардың біреуінің тарифті көтеруі басқаларының қаржылық-шаруашылық қызметіне тікелей пропорционалды. Мәселен, 2021 жылғы 1 наурыздан бастап «Қазхром» ТҰК акционерлік қоғамы АФЗ филиалы жылу өндіруге тарифті 20%-ға көтерді. Бұл нормативтік - техникалық шығындарды өтеуге жұмсалатын шығындарымыздың артуына әкелді.
             2022 жылғы 1 шілдеден бастап «ЕЭК» АҚ жылу энергиясын өндіру бойынша қызметтерге тарифті 8%-ға өсірді, бұл да сатып алынатын жылу энергиясының құнының өсуіне әкеледі.
             Сертификаттау және стандарттау органдарында есепке алу аспаптарын тексерудің міндетті рәсімдерін, арнайы жабдықтың одан әрі жұмыс істеуге жарамдылығын диагностикалауды, гидравликалық және температуралық сынақтарды және басқа да міндетті талаптарды орындау үшін қомақты шығындарды көтереміз. Бұл құрылымдар өз қызметтерінің бағасын өздері белгілейді және олар тек жыл сайын көтерілуде. Бұл қызмет түрлерінің құны 7-10%-ға өсті.

Сонымен қатар, «Теплосервис-Ақсу» КМК балансына жылсайын иесіз жылу құбырлары беріледі, олар қосымша жөндеу шығындарын талап етеді, сонымен қатар амортизациялық аударымдар мен мүлік салығы бойынша шығындарды тудырады.

Табиғи монополиялар туралы заңнамасының негізінде, кәсіпорынның дамуын ынталандыру, қызметін жүзеге асыру және  пайда беру үшін тарифтер табиғи монополиялар субъектісінің шығындарын жабуға тиіс.

Кәсіпорынның тиімді қызметіне әсер ететін факторлардың бірі, қызметкерлердің жалақысы болып табылады. Кәсіпорын бойынша 2022 жылға нақты орташа айлық жалақы 171564 мың теңге құрады, бұл заңнамада көзделген шегерімдер және ұстап қалусыз, ал қолына алынатын "таза" жалақы одан да төмен. Тікелей айтқанда, еңбекақы төмен және қаланың стратегиялық маңызды кәсіпорнында жұмыс істейтін қызметкердің өмірлік қажеттіліктеріне жетпейді.

Жылу желілерінің апатсыз жұмысын және жөндеу жұмыстарын толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету үшін нормативтік санының есебіне сәйкес 165 адам болуы қажет,  оның ішінде 141 өндірістік персоналы. 2022 жылы өндірістік персоналдың нақты саны 81 адамды құрады. Жалақы төмен болуына байланысты бұрынғысынша білікті мамандардың тапшылығы сезіледі, сондықтан өндірістік персоналдың нақты саны нормативтік саннан әлдеқайда төмен.

Кәсіпорында 2023 жылғы  наурыз айында "Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ аудит өткізілді, жылумен қамтамасыз ету саласында мемлекет активтерін және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін бағалау оның мақсаты болып табылады. Тексеру нәтижесінде тексеру комиссиясы кәсіпорында жалақынын төмен болуына байланысты кадрлардың тұрақсыздығын анықтады.

Мысалы, 2020 жылы 25  адам жұмыстан шығарылды, персоналдың тұрақсыздығы 29%, 2021 жылы -37 адам жұмыстан шығарылды, персоналдың тұрақсыздығы 57% - ға өсті, 2022 жылы – 20 адам жұмыстан шығарылды, тұрақсыздық 22% - себебі жалақының төмен болуы

Жоғарыда айтылғанның негізінде қәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын жоғарылату іс-шараларын қабылдау бойынша мәселені қарастыру ұсынылды.

Жалақы деңгейін жоғарылату-  кадрлардың тұрақсыздығын қысқартуға

көмектеседі және құзыретті мамандарды тарту үшін драйвері болып табылады, олардан барлық жабдықтардың сапалы қызмет көрсетуі, апаттылықты төмендету, яғни тұрғындарға үздіксіз және сапалы реттеліп көрсетілетін қызметтер қамтамасыз етілетін болады, алдағы жылыту кезеңдерінде штаттан тыс жағдайлардың туындау қаупі төмендеді.

Бүгінгі күні "Тарифті инвестицияға айырбастау"жаңа реформаны тарату шеңберінде кәсіпорын үшін ұсынылған басты мәселе – салаға мүліктің меншік иелерінің есебінен инвестицияларды ұлғайту және табиғи монополиялар саласындағы қызметкерлердің жалақысының деңгейін көтеру және штатты білікті мамандармен толықтыру, сондай-ақ кәсіпорынның қызметкерлерінің жалақысын көтерумен кадрлар тұрақсыздығын қысқарту.

2022 жылы кәсіпорынмен барлығы мынадай жұмыстар орындалды: ұзындығы 1246,35 м жылу желілері ауыстырылған болатын, жөндеу өткізудің сметалық құны 32939,062 мың теңге, соның ішінде  жылу желілерді күрделі жөндеу 1046,35 м, сметалық құны 30502,375 мың теңге және ағымдағы жөндеу 200 м – сметалық құны 2436,687 мың теңгені құрайды, ол жоспарланған жұмыстардың  100 %-ын құрайды.

Бекітілген инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2022 жылғы 31 тамызға дейінгі кезеңде жалпы құны 25003,00 мың теңге ұзындығы 122 м жылу желілеріне жөндеу өткізілді.             

 Инвестициялық бағдарламаға сәйкес Ақсу қаласы 10  шағын ауданы   ТК-130- дан ТК 140 дейін жылу трассасы учаскесінде  бөлшектеу өткізілді және ұзындығы 122 м диаметрі 600 мм құбырлар ауыстырылды. Жұмыстар 100%-ға орындалды.

             Осы жұмыс түрлерін орындағаннан кейін Ақсу қаласының 9-шы шағынауданы мен 10-шы шағынауданының тұтынушыларын жылумен қамту сапасы жақсарып, алдағы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың туындау қаупі төмендеді.
             2021 жылға арналған инвестициялық бағдарламаға енгізілген өзгерістер шекті тарифтің өсуіне әсер еткен жоқ.
             Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру Қағидаларының 423-тармағына сәйкес «Теплосервис-Ақсу» КМК-да бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына және кәсіпорын қызметінің тиімділігі көрсеткішіне қолжеткізу бойынша қоғамдық мониторинг жүргізілді.
             Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу үшін уәкілетті органның ведомствосымен жұмыс тобы құрылды, оның құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.
             Қоғамдық мониторинг жүргізу үшін кәсіпорын бекітілген және инвестициялық бағдарламаның объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етті және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы барлық қажетті ақпаратты ұсынды.
             Уәкілетті тұлғалар бекітілген инвестициялық бағдарламаның объектілеріне визуалды тексеруді және бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы ақпаратты талдауды, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы және растайтын құжаттар негізінде кәсіпорынның қызметінің тиімділігі көрсеткішіне қол жеткізу туралы ақпаратты талдауды жүргізді.
             2023 жылға кәсіпорынмен ұзындығы – 891 м жылу желілерін ауысттыру бойынша жұмыстар жоспарланды. Жөндеу жұмыстары меншікті қаражат есебінен жүргізіледі.

Бекітілген инвестициялық бағдарламалар шеңберінде  2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 31 қыркүйекке дейін кезеңде ұзындығы 709,6 м, оқшаулауды жөндеу 553,5 м, трассаның жалпы құны 25081,00 мың теңгеге жылу желілерін жөндеу жоспарланды, жылу энергиясын жабдықтау бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаланың шеңберінде Ақсу шағынауданы Энгельс көшесі, 3,4 тұрғын үйлердінде бақылау-өлшеу арматурасын орнату жоспарланды.

Инвестициялық бағдарламалар іс-шаралары көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және энергияның нормативтік ысыраптарын азайту азайтуға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және тартылған активтердің сенімділігін арттыруға бағытталған.

 

Тұтынушылармен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы:

Кәсіпорын реттелетін қызметтердің тұтынушыларымен тұрақты тығыз қарым-қатынаста болады. Қызметтерді көрсету фактісі бойынша салыстыру актісі жасалады және тұтынушылардың атына счет-фактуралар, орындалған жұмысы актісі беріледі, олар кәсіпорын өкілдерімен және қызметтің тұтынушыларымен қол қойылады. Сонымен қатар  тұтынушылармен заңнамаға сәйкес жұмыстар өткізіледі-тұтынушылар алдында қызметтерді ұсыну бойынша қоғамдық тындалым, сонымен қатар тарифтер мен тарифтік сметалардың шекті деңгейлерінің жобаларын қарау бойынша қоғамдық тындалым, қызмет көрсету жөніндегі қызмет туралы  ақпаратты өзінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады, тұтынушыға тарифтердің өзгеруі туралы хабарлайды.

Тұтынушымен қарым-қатынаста этикалық-құқықтық нормалар сақталады және түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

 

Сөз сөйлеушіге сұрақтар бар ма?

(сұрақ-жауап)

 

Сұрақ: Кәсіпорынға кадрларды тарту және алуға қандай жұмыстар жүргізілуде?

Жауап: Кәсіпорын үнемі бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысады, бос  орындар БАҚ және сайтта жарияланады, сондай-ақ біздің кәсіпорында жұмыспен қамту орталығы арқылы жастар бағдарламасы бойынша жас мамандар тәжірибеден өтуде.

 

Сұрақ: Жылу желілерін гидравликалық сынақтан қай кезде өткізуге жоспарлайсыздар?

Жауап: Гидравликалық сынақтар 2023  жылғы 5 мамырда басталады.

 

Сұрақ: Кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарда бар ма?

 

Жауап: Кәсіпорын 2023жылғы 12 сәуірде 2019 жыліы 19 қарашадағы №90 тарифтерді қалыптастыру Ережесінің 601-тармағы 11-тармақшасына сәйкес  аймақтардағы қызмет түрлері бойынша орташа еңбекақының өзгеруіне байланысты тарифті бекітуге өтінімді жіберді.

Бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар бар ма? Егер жоқ болса, осы кеңесте  белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Сау болыңыздар.

 

Жұмыс сапасы бойынша шағым болған жоқ.

Қорытындылар:

2022 жыл ішіндегі  тұтынушылар және мүдделі тараптар алдындағы реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы есебін қабылдаймыз.

Кәсіпорын қызметі туралы тыңдалым аяқталды деп саналсын

 

 

Төраға:                                         К.Д. Ибраев              ______________

 

         

Хатшы:                                         А. С. Хасенова       ______________