"Тарифті инвестицияға айырбастау"жаңа реформаны тарату шеңберінде салаға мүліктің меншік иелерінің есебінен инвестицияларды ұлғайту, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы деңгейін көтеру және инженерлік желілердің тозуын кезең-кезеңмен төмендету мақсатында, «Теплосервис-Ақсу» КМК-мен 2022-2024 жылдарға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламаға қосымша іс-шаралар қосылды.
Сондай-ақ кадрлардың тұрақтамауын тоқтату және штатты білікті мамандармен толықтыру мақсатында 1 шілдеден бастап кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысының деңгейін көтеру туралы шешім қабылданды, одан барлық құрал-жабдықтардың сапалы қызмет көрсетуі, жазатайым оқиғалардың азаюы, бұл халыққа реттеліп көрсетілетін қызметтерді үздіксіз және сапалы көрсету қамтамасыз етілетінін, алдағы жылыту кезеңдерінде төтенше жағдайлардың туындау қаупі төмендейтінін білдіреді.