«Қазхром» ТҰК» АҚ-ынан алынатын жылу энергиясы құнының өсуіне байланысты тұтынушыларды 2026 жылғы 1 маусымнан 31 қазанға дейін жылу энергиясын беру, тарату және бөлу қызметі тарифінің өзгеретіні туралы ескертеміз.
Тарифтің өзгеруі «Қазхром» ТҰК» АҚ-ына бекітілген жылу энергиясын өндіруге тарифтің ұлғаюымен негізделген, сондықтан ол «Теплосервис-Аксу» КМК-ымен жылу энергиясын алуға шығындарының өсуіне себеп болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 21 мамырдағы «2025 жылғы 28 қазандағы № 80-ОД бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» №45-ОД бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 1 маусымнан 31 қазанға дейін жылу энергиясының шекті тарифі (қосымша құнға салынған салықсыз) 1 Гкал-ға 8247,82 теңге болады (ұлғаюы 3,3%-ға).
|
Атауы |
Тариф ҚҚС-сыз, 2026 ж. 1 маусымнан |
Тариф ҚҚС-пен 16% , 2026 ж. 1 маусымнан |
|
Халық тобына жататын жеке тұлғалар |
||
|
Жылу энергиясын есепке алу құралымен |
2 914,60 |
3 380,94 |
|
Жылу энергиясын есепке алу құралысыз |
5 953,05 |
6 905,54 |
|
Өзге де тұтынушылар |
||
|
Жылу энергиясын есепке алу құралымен |
4 312,12 |
5 002,06 |
|
Жылу энергеиясын есепке алу құралысыз |
7 417,07 |
8 603,80 |
|
Бюджеттік ұйымдар |
||
|
Жылу энергиясын есепке алу құралымен |
32 967,99 |
38 242,87 |
|
Жылу энергиясын есепке алу құралысыз |
51 046,86 |
59 214,36 |
