Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 319-тармағына сәйкес «Теплосервис-Ақсу» КМК Ақсу қаласының тұтынушылары мен барлық мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 27 қазандағы № 91-ОД бұйрығымен 2026 жылғы 1 қарашадан бастап 2027 жылғы 31 қазанға дейінгі кезеңге «Теплосервис-Ақсу» КМК-ның жылу энергиясын беру, тарату және өткізу жөніндегі қызметтеріне (қосылған құн салығынсыз) шекті тариф бекітілгенін хабарлайды.
Тарифтер мынадай мөлшерде белгіленді:
- Халық үшін – 6 024,30 теңге/Гкал;
- Өзге тұтынушылар үшін – 6 992,87 теңге/Гкал.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 қазанға дейінгі кезеңге:
- Бюджеттік ұйымдар үшін – 50 967,98 теңге/Гкал.
