Жария тыңдау 2021 жылғы 29 маусымда сағат 11:00-де өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті тұтынушыларды «Теплосервис-Ақсу» КМК-ның Ақсу қаласында жылу энергиясын беру және тарату, Ақсу кентінде жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтер және тарифтік сметалардың жобасын қарау бойынша жария тыңдауға шақырады.               

Жария тыңдау 2021 жылғы 29 маусымда сағат 11:00-де өтеді. 

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 12 қаулысының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес кеңестерді (отырыстарды) күндізгі режимде өткізуге Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №68 қаулысының талаптарын сақтай отырып, оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде жол берілетінін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, «Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында жария тыңдауларды онлайн форматта өткізуді ұсынды.

Осыған байланысты, жария тыңдау онлайн режимінде:

- Департаменттің Facebook (https://www.facebook.com/profile.php?id=100064953654562) ресми парақшасы;

- Instagram (https://instagram.com/dkrem.pvl?igshid=3v6k050fw1dy) ресми парақшасы арқылы көрсетілетін болады.

Департамент осы жария тыңдауға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тұтынушыларды, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.Жария тыңдау 2021 жылғы 29 маусымда сағат 11:00-де өтеді