Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша тарифтердің шекті деңгейінің әрекетін ұзарту туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы коммуналдық қызметтерге тарифтерді өсіруге мораторий енгізу тапсырмасына байланысты «Теплосервис-Ақсу» әлеуметтік жауапты кәсіпорны ретінде 01.01.2022 жылдан 30.09.2022 жылға дейін 2021 жылғы деңгейде халық үшін жылу энергиясымен жабдықтау бойынша тарифтердің шекті деңгейінің әрекетін ұзарту туралы шешім қабылдады.