«Теплосервис-Ақсу» КМК 2023 жыл ішіндегі жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау қызметінің қорытындысы бойынша есеп

«Теплосервис-Ақсу» КМК табиғи монополиялар субъектісі ретінде, Ақсу қаласы және Ақсу шағын ауданының тұтынушыларына жылуды тарату,

беру және жабдықтау қызметін көрсетеді.

2022-2023 жылыту маусымына дайындық бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде кәсіпорынмен жылу желілерін ауыстыру бойынша келесі жұмыстар орындалды, ұзындығы 1100 м, сметалық құны 36082,018 мың теңге, оның ішінде күрделі жөндеу 900 м - сметалық құны 33416,377 мың теңге, ағымдағы жөндеу жұмысы 200 м - сметалық құны 2665,641 мың теңгені құрайды. Күрделі жөндеу бойынша жоспар 100% орындалды, бұл жеті ірі субъектісін құрайды.

2024 жылға кәсіпорынмен жылу желілерін ауыстыру бойынша жұмыстар жоспарланды, ұзындығы – 808,5 м. Жөндеу жұмыстары меншікті қаражат есебінен жүргізілген.

2023-2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламаға сәйкес жылу желілерін жөндеу жұмыстары жоспарланған, жалпы сомасы 33127,045 теңге, трассаның жалпы ұзындығы – 709,6 м, оқшаулауды ауыстыру – 553,5 м.

Ақсу қаласы және Ақсу шағын ауданы бойынша жылу энергиясын беру көлемі 398032 мың Гкал, оның ішінде беру және тарату бойынша 377693 мың Гкал, Ақсу шағын ауданында тұтынушыларды жабдықтау бойынша қызметтердің көлемі 20339 мың Гкал құрады.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мына тарифтер қолданылды:

  • 1102,76 теңге/Гкал (ҚҚС-ын есепке алмағанда) жылу энергиясын беру

қызметіне;

  • Ақсу шағын ауданының тұтынушыларын жылумен жабдықтау

қызметіне – 2586,44 теңге/Гкал (ҚҚС-ын есепке алмағанда), басқалар– 3169,17 теңге/Гкал (ҚҚС-ын есепке алмағанда).

Жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау бойынша қызметтерді

көрсетуден түскен кіріс 547105 мың теңгені құрады. Басқа кірістер – 136161 мың теңге.

Негізгі қызметке байланысты шығыстар 663352 мың. теңгені құрады.

Өзге шығыстар – 19018 мың теңге. 2023 жылға пайда – 846 мың теңге.

2023 жыл ішінде бюджет алдында салықтар мен төлемдер бойынша берешек жоқ.

2023 жыл ішіндегі реттелетін қызметтер бойынша «Теплосервис-Ақсу» КМК-нің қызметі туралы толық есеп http://teploaksu.kz сайтында орналастырылды.