«Теплосервис-Ақсу»  КМК-ны Павлодар облысының Ақсу шағын ауданында жылу энергиясымен  жабдықтау жөніндегі қызметіне тарифтің өзгергені туралы хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 03 тамыздағы  «Теплосервис-Ақсу» КМК 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге жылу энергиясымен жабдықтау  қызметіне тарифтер және тарифтік сметалар бекіту туралы» №72-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 09 қыркүйектегі № 74 бұйрығына сәйкес тарифтің шекті деңгейі (қосылған құн салығынсыз) 2024 жылғы 1 қазаннан бастап құрайтын болады:

- тұрғындар үшін 3919,90 теңге /Гкал мөлшерінде;

- өзге және бюджеттік ұйымдар үшін 5210,63 теңге/Гкал мөлшерінде.